|    |  
21 қараша 2018
17:06
қаз
​Жәнібек Әлімханұлы жақсы промоутер іздеп жатқанын мәлімдеді
26 сәуір, 10:25 64
Жақында кәсіби боксқа ауысқан Жәнібек Әлімханов көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Спортшы қазір жақсы промоутер мен менеджер іздеп жатыр екен.


 
«Көп адам қай менеджермен жұмыс істесесің? Промоутермен келісімшарт жасастың ба деп сұрап жатыр. Жанкүйерлер үшін айта кетсем. Қазір танымал промоутерлік компаниялардан, менеджерлерден әртүрлі ұсыныс айтылып жатыр. Қазір командаммен отырып, барлығын асықпай қарап жатырмыз. Промоутер мен менеджер таңдауда қателескім келмейді. Себебі дұрыс промоутерге жолықпаған боксшылардың басқаға кете алмай, өсе алмай қиналып жүргенін жақсы білемін. Чемпион болу үшін боксшының дайындығынан бөлек, үлкен шоу өткізе алатын мықты промоутер мен чемпиондық белбеуге жұдырықтасуға жағдай жасайтын мықты менеджер керек екені белгілі. Жақсы нәтиже көрсету үшін, промоутер мен менеджерді асықпай таңдауым керек. Мүмкін 1 айдың ішінде жаңалық болып қалар. Жеңіс көп болсын!»-деп жазған желіге.
 

Көп адам қай менеджермен жұмыс істесесің? Промоутермен келісімшарт жасастың ба деп сұрап жатыр. Жанкүйерлер үшін айта кетсем. Қазір танымал промоутерлік компаниялардан, менеджерлерден әртүрлі ұсыныс айтылып жатыр. Қазір командаммен отырып, барлығын асықпай қарап жатырмыз. Промоутер мен менеджер таңдауда қателескім келмейді. Себебі дұрыс промоутерге жолықпаған боксшылардың басқаға кете алмай, өсе алмай қиналып жүргенін жақсы білемін. Чемпион болу үшін боксшының дайындығынан бөлек, үлкен шоу өткізе алатын мықты промоутер мен чемпиондық белбеуге жұдырықтасуға жағдай жасайтын мықты менеджер керек екені белгілі. Жақсы нәтиже көрсету үшін, промоутер мен менеджерді асықпай таңдауым керек. Мүмкін 1 айдың ішінде жаңалық болып қалар. Жеңіс көп болсын ✊

Публикация от Zhanibek ALIMKHANULY (@zhanibek_alimkhanuly)


Дереккөз: Reactor
Жаңалықтар