18 Август
03:23
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
23 қыркүйек 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жанкүйерлері Санжар Мәдиевке арнап ән жазды (видео)
Жуырда желі қолданушылары әлі жарыққа шығып үлгермеген “Қорғаушылар” фильмін әжуалаған болатын. Ендігі кезек басты рөлдің бірін сомдайтын Санжар Мәдиевке келген сыңайлы. Көпшілік кез келген мазмұндағы пікірді сабырмен қабылдайтын актердің мінезіне қайран қалды.


Фото: www.voxpopuli.kz


Жуырда желі қолданушылары режиссер Сарик Андреасян түсіріп жатқан “Қорғаушылар” фильмін жарыса әжуалаған болатын. Ендігі кезек басты рөлдердің бірін сомдайтын Санжар Мәдиевке келген сыңайлы. Желі қолданушылары актерді әжуалайтын түрлі сурет салып, тіпті ән жазып үлгерген екен. Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын осы әнді тауып беруді желі қолданушылары актерден өтінген болатын. Актер өз кезегінде сүйікті жанкүйерлерінің көңілін қалдырмай, тілектерін орындаған-ды. Видеода айтылып жатқан сөздер Мәдиевтің көңіліне еш тимеген сыңайлы. Себебі, ол аталған видеоны өзі бөлісіп, тұсына жағымды пікірін жазды.


“Бұл ән мен немесе Хан туралы болғандықтан хит болып жатқан жоқ. Жай ғана Time Lord feat Tardis орындаған “На этаж ниже” әнін тыңдайық. Және жаңа фан суреттерді көрейік”, – дейді Санжар Мәдиев. Мұнымен қатар, актер әннің толық нұсқасын қайдан алуға болатындығын да көрсетіп қойған.

Желі қолданушылары өз кезектерінде Санжар Мәдиевтің қарапайымдылығы мен сабырлығына қайран қалды. “Сіз сондай кереметсіз!”, “Ән тамаша. Жанкүйерлеріңіздің әрекетін байқап жүретін сіз де керемет жансыз”, “”Санжар, сіз біз үшін күн секілдісіз. Әлемді жақсарта түскеніңіз үшін алғысым шексіз”, “Қазақстандағы ең мықты актер деп сізді ғана мақтанышпен айта аламын. Барлық киноңызда шынайы ойнайсыз. Керемет!” дейді желі қолданушылары.



Дереккөзі: Stan.kz
 
нравится:    705
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии