|    |  
21 қараша 2018
06:54
қаз
​Жанталасқан босқындар пойыздарға жанұшыра жармасуда
17 тамыз, 11:33 1181
Македониядағы теміржол стансалары заңсыз мигранттарға лық толы. Олар күні-түні торуылдап, діттеген жеріне жету үшін пойыздарға жанұшыра жармасып жатыр.



Босқындардың бар мақсаты – Сербиямен шектесетін аймаққа амалын тауып, жетіп алу. Содан кейін көршілес Венгрияның шекарасын кесіп өтіп, Батыс Еуропаға қарай ығысуды жөн санайды.

Келімсектер Азия мен Африка елдерінен ағылып жатыр. Олардың басым көпшілігі – Сирия мен Ауғанстаннан. Алдымен олар Түркиядан Грекияға қайықпен жүзіп жетеді. Сонан соң, Македония арқылы Германия сияқты дамыған мемлекеттерге қарай бет түзейді.

Дереккөзі:  24.kz
Жаңалықтар