22 Ноябрь
22:45
Астана: -5 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.22
EUR/KZT: 388.07
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.93
Әлем жаңалықтары
22 маусым 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жануарлар әлемі жойылуының алтыншы кезеңі басталды
Биолог мамандар жер бетінде жануарлар әлемі жойылуының  алтыншы кезеңі басталғанын мәлімдеді. Келесі екі толқын өмірінде жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың 75%  жойылып кетеді.



Ғалымдардың айтуына қарағанда,  жануарларды құртуға негізгі себепкер – өркениетті қоғам құруға жанталасып жатқан адамдардың әрекеті.

Осыған дейін де жер бетіндегі жан-жануарлардың бес рет құрып-жоғалу дәуірі болған. Осы уақыта ғаламшардағы жануарлар әлемінің 96% жойылып кеткен болатын.

1900 жылдан бастап Жер бетіндегі 477 жануар түрі өзінің тіршілігін тоқтатқан. «Егер адамдар қолымен жасалып жатқа, қоршаған ортаға зиянын тигізетін әрекеттер жалғаса беретін болса, онда жануарлар әлемі жылдам жойылатын болады. Жануарлар әлемінің жойылуының алтыншы кезеңін тоқтату үшін адамзат қолынан келетін барлық шараларды жасаулары керек», - деген пікір айтты Мехико университетінің маманы Герардо Себаллос.
 
Дереккөзі: дни.ру
нравится:    1185
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии