21 Август
06:55
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 ақпан 11:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жануарлардың көру қабілеті жайлы қызықты деректер

1. Адамға генетикалық тұрғыда жақын саналатын – маймылдар адамдардан үш есе жақсы көреді. Және тек олар ғана емес. Мысалы, қыран да адамға қарағанда өткір көзге ие. 

2. Ақкөбелек (Сolias) сурет бөлшектерін 30 микронға дейін ажырата алады, осылайша адамды үш есеге басып озады. 

3. Шыбында суреттердің ауысу жылдамдығы секундына 300 кадрға тең, яғни адамның дәл осындай қабілетінен ол 5-6 есеге асып түседі. 


4. Тереңдегі балықтар қап-қара түнекте көре алатынын білеміз, өйткені олардың көз торындағы таяқшалардың орналасу жиілігі миллиметр шаршы квадратта 25 миллионға жетеді, ал бұл адамдікіне қарағанда 100 есе көп. 

5. Мысықтар да түнде жақсы көреді, себебі олардың қарашығы 14 миллиметрге дейін кеңейе алады. Иттер де бізге қарағанда түнде жақсы көреді. 

6. Иттерде барлау қабілеті орта есеппен 240-250 градусты құрайды, ал бұл адамның дәл осындай қабілетінен 60-70 бірлікке асып түседі. 

7. Қарама-қарсы екі бағытқа құбылғы (хамелеон) мен ат басты теңіз балығы қарай алады. Көгершіннің шолу бұрышы 340 градусқа тең. Жылқы басын көтеріп тұрған кезінде айналаны шолу қабілеті сфералыққа жақындайды. Алайда басын төмен түсіргенде жартылай шолу қабілетіне ие болады. Панорамалық көру қабілеті жағынан жылқышы құсына жетер ешкім жоқ, ол айналаны түгелдей көреді. 


8. Гриф ұсақ кеміргіштерді 5 километр қашықтықтан айыра алады. 

9. Сұңқар 10 сантиметрлік нысананы 1,5 километр қашықтықтан көре алады, сонымен қатар жоғары жылдамдықта да нысаналардың анықтығын сақтайды. 

10. Тарақан 0,0002 мм мөлшердегі қимыл-қозғалысты байқайды. Сондықтан егер сіз асүйде отырып, тарақанды ұрғышпен ұрып өлтірмек болсаңыз, онда бұл талпынысыңыз жоққа шығуы мүмкін.

bilim-all.kz
нравится:    783
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии