|    |  
11 желтоқсан 2018
23:10
қаз
Жанжалды жек көретін зодиак белгілері
26 маусым, 15:11 961
Адамдардың жанжалға қатысты үш түрі болады: біріншілері ұрыс-керісті жақсы көреді, екіншілері қажет болған жағдайда ғана жанжалдасады. Үшіншілері үнемі қашып жүреді. Адамдардың ұрыс-керіске бейімін байқау үшін олардың зодиак белгілеріне назар аударған жөн. Төменде жанжалды жек көретін бес зодиак белгісі туралы айтпақпыз.


 
Шаян
Шаяндардың есте сақтау қабілеті күшті. Кез келген түсініспеушілік пен дау оларға күшті ықпал етеді. Олар жанжалдасқанның пайдасы жоқ екенін жақсы біледі. Сондықтан да алыс жүреді.

Бикеш
Бикештер мықты мінездің иесі. Сондықтан олар жанжалдан қорықпайды. Олар тек пайдалы іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Бар ойы басқа істерде жүреді. Сол себепті ұрысуға уақыттары бола бермейді.

Таразы
Олар көп эмоциясын өздерінде сақтайды. Шыдамдары шегіне жетпейінше сабырлық сақтайды. Барлық жағдайда бейтарап және ұстамды болуға тырысады. Сол себепті де дау-жанжалдан қашады.

Мерген
Мергендер сырттан келетін қысыммен күресуге қауқарсыз. Сондықтан ұрыстан қашуға тырысады. Кез келген жанжал оларға жағымсыз әсер етеді.

Балықтар
Балықтар ұрыс-керісті тіпті де көтермейді. Олар өздерін қорғансыз бала сезінеді. Жағымсыз энергияны қалай қайтаруды білмейді. Жанжал кезінде өз-өздерін жоғалтып алады.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар