Әлем жаңалықтары
19 қаңтар 15:51
Жапон ғалымдары 30 жыл бұрын қатырылған жәндікті тірілтті
Жапония ұлттық институтының ғалымдары бұдан 30 жылдан астам уақыт бұрын арнайы қатырылып қойылған бір жәндікке жан бітіріп, қайта тірілтіп алды. Бұл туралы Planet Today хабарлады.



Мәлім болғандай, «су аюы» немесе жайбасар деген аты бар бұл жануар 1983 жылы Антарктидада қалың мүктің арасынан табылған екен. Сонда ғалымдар оны Цельсий бойынша 30 градустық суықта қатырып, бір тәжірибе жасап көруге ұйғарым жасайды. Содан бері жайбасар мұз болып қатқан кейіпте 30 жылдан артық уақыт жатыпты.

Қазіргі таңда ғалымдар жайбасарларды қатырып тастау жолымен тірі сақтауды зерттеудің бірқатар жаңа тәжірибелерін жасап көрмекші болып отыр. 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика