20 Август
06:15
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
18 желтоқсан 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жапон қызы Денис Теннің суреті бейнеленген панно тікті (фото)

18 жастағы Мисаки Эбина 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегерін өткен жылдың сәуір айында Саппородағы шоуға қатысқан кезінде алғаш көрген. «Мен оған сол сәтте-ақ ғашық болдым», - деді қыз «24 KZ» арнасының Жапониядағы меншікті тілшісіне берген сұхбатында.

Денис Теннің табынушысы оған арнап ерекше сыйлық – сузани дайындаған. Орталық Азияның кейбір елдерінде қолдан жасалған сәнді панно осылай аталады екен. Денис Теннің суреті бейнеленген сузанидің биіктігі 160 см және ені 80 см екен. Мисаки осындай тамаша дүниені 3 ай бойы тіккен екен. Мәнерлеп сырғанаушының суреті толығымен жібек жіптен тігілген.

«Бұл менің алғашқы сузаниім. Негізінде бұл өте қиын жұмыс. Денис Тенге деген махаббатым болмаса, мен мұны тіге алмас едім», - деді Мисаки. Қазіргі уақытта панно Мисаки оқитын мектептегі өнер кафедрасының көрмесіне қойылған. Ол болашақта бұл сузаниді Денис Тенге табыстауды армандайды екен. Ал егер жолы болып жатса, спортшымен кездескісі келеді. «Мен оған бұл сузаниді оған бақыт пен табыс әкелсін деп жасадым. Өйткені ол спортшы ғой, сузани оны әртүрлі жарақаттардан қорғайтын бойтұмары іспеттес болады», - дейді Мисаки. Қыз сондай-ақ атақты спортшының туған елін де жақсы көріп кеткендігін айтты. «Қазір мен Қазақстанды жақсы көремін. Қазақ музыкасымен және өнерімен әуестенемін. Әлемге Денис Тенді сыйлаған елде болғым келеді», - деді. Сөйтіп Денис Теннің табынушысы өзінің екінші панносын жасауға кірісіп кетті. Онда ол қазақтың ою-өрнегін тігіп шықпақ.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    656
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии