18 Декабрь
18:28
Астана: -14 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
20 тамыз 09:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жапондар күріштен гель жасап шығарды
Елдегі Ұлттық тамақтану институтының мамандары күріштен гель жасап шығарды. Бір қызығы, жаңа өнімнің дәмі де, иісі де жоқ екен.



Гельді асқа қосу арқылы тамақ пісіруді тездетуге болады. Сондай-ақ ол көп уақытқа дейін бұзылмайды. Айта кету керек, күріш гелін институт қызметкерлерінің бірі кездейсоқ ойлап тапқан. Зерттеу жүргізген ғалым күріш пастасынан жаңа өнім алмақ болып, тәжірибелер өткізеді. Бірақ «сынақтарының нәтижесін сәтсіз болды» деп ойлаған ол, күріштен жасалған қоймалжың затты зертханада қалдырып кетеді. Бірнеше күннен соң қайтып келгенде, өнімнің сапасы мен сипатының өзгермегенін көреді. Тап сол сәттен бастап, жаңа зерттеу жүргізілді. Жалпы гель қайнатылған күрішті өте үлкен жылдамдықпен араластыру арқылы арнайы жабдықта жасалады. Бұл жартылай фабрикатты өзге құрамдас бөліктермен араластырып, түрлі тағам әзірлеуге болады. Ерекше өнімді өндірудің жәй-жапсары толық анықталмай отыр. Атап айтсақ, оның неліктен ұзақ уақыт бойы бұзылмайтыны белгісіз. Енді ғалымдар күріш гелін тек тамақ өнеркәсібінде емес, өзге салаларда тиімді пайдалану жолдарын іздестіруде, деп жазады epochtimes.ru.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    753
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии