Әлем жаңалықтары
18 қазан 17:13
​Жапондықтар тірі адамнан айнымайтын «бойжеткенді» көрсетті (ВИДЕО)
 
 
Жапондық дизайнерлер Теруюки (Teruyuki) мен Юка (Yuka) Ишикава (Ishikawa)  CGI-анимацияның көмегімен Сая есімді «бойжеткенді» жасап шығарған.
 
Қазан айының басында дизайнерлер әлеуметтік желілерде Саяның жеке парақшасын ашып, суреттерін салған. Желі қолданушыларының басым бөлігі «жасанды қызды» тірі адамнан ажырата алмаған.  
 
Кейін Теруюки мен Юка Ишикава робот жасау саласының маманы, профессор Масахиро Моримен бірлесіп, 3D-анимация арқылы «бойжеткенді» қимылға келтірген.  
 


Дереккөз: Лента.ру

Комментарии




Яндекс.Метрика