26 Февраль
03:35
Астана: -17 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 319.65
EUR/KZT: 393.33
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.47
Әлем жаңалықтары
14 ақпан 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жапондықтар тұмауды бір күнде емдейтін дәрі ойлап тапты
Shionogi & Co.компаниясы ойлап тапқан дәрі тұмауды бір ақ күнде емдеп шығады.

 

Жапонияның Shionogi фармацевтикалық компаниясы балоксавир-марбоксил дәрісін ойлап тапты. Оның бір дозасы тұмау вирусын бір күнде яғни 24 сағатта емдеп шығады. Сонымен қатар, жаңа дәрімен емдеу тұмаудың асқынып кетуіне жол бермейді.

Клиникалық сараптамада тиімділігі дәлелденген бұл дәрі әзірге сатылымға шыққан жоқ, деп жазады Science Alert басылымы .
 
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың басында бұл дәріні кең қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Ал өндіруші-компания 2018 жылдың наурызынан бастап ресми рұқсат аламыз деп дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Егер министрлік өз рұқсатын берсе өндірушілер дәрінің жаңа партиясын мамыр айында тұтынушыларға ұсынады.

Ал бұл дәрінің басқа елдерге экспортқа шығарылуы әлі белгісіз.

Дереккөзі: ​КорреспонденТ

 
нравится:    131
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии