17 Октябрь
19:03
Астана: 13 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
3 маусым 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жапонияда ата-анасы орманға тастап кеткен бала 7 күннен кейін аман-есен табылды

Жапонияда ата-анасы орманға тастап кеткен 7 жасар бала тірі табылды, - деп хабарлайды NHK.

Құтқарушылар баланы  Сикабэ ауылының маңынан тапты. Полицейлердің айтуынша, баланың денсаулығына зиян келмеген.

Жеті жасар Ямато Танооко 28 мамырда Хоккайдо аралында жоғалып кеткен еді. Ата-анасы алғашында баланың өзі жоғалып кеткенін айтқанымен, кейін көліктер мен адамдарға тас лақтырғаны үшін жазалау мақсатында орманға тастап кеткенін мойындады. Олар баланы тастап 500 метрге дейін кетіп қалған, кейін қайта оралған кезде бала орнында болмапты. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ата-ананың қаталдығы сынға ұшырады.

Құтқарушылар мен әскерилер баланы бір апта бойы іздеді. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та пайдаланылды. Билік өкілдері бала қаза тапты деп күмәнданған болатын. Себебі, жоғалған кезде баланың үстінде жейде мен жұқа шалбар ғана болған. Ал бұл жерде түнгі уақытта ауа температурасы жеті градусқа дейін суытады екен.



tengrinews.kz
нравится:    699
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии