16 Август
19:02
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жапонияда қанды аулау кезінде дельфин адамдардан өзін құтқаруын өтінген (видео)
Жапонияда Тайдзиде жыл сайынғы дельфиндерді аулау науқаны басталды, деп хабарлады epochtimes.ru.The Dolphin Project жобасының негізін қалаушы Рик О'Барри дельфин өлтірер алдында адамдарға қарай жүзіп келіп, олардан өздерін құтқаруын өтінген видеоны түсірген.


Дельфин су түбінен жағалау маңындағы оқшау жерге қуылған топтағылардың бірі еді.
Дельфиндер құтылатын жол таппай жанұшырды, ал олардың бірі көрерменнің, оның ішінде О'Барридің көмектесуін өтінген.
«Суға секіріп оған көмектескім-ақ келді, - деді ол - бірақ олай жасай алмадым. Егер суға секірсек, бізді коммерцияға кедергі келтірді деп айыптап, бірден тұтқындайды, видео, компьютер, фотоаппараттарымызды тәркілейді».
 «Жүрегің қарс айырылады, сұмдық көрініс», - деп қосты О'Барри.


Whale and Dolphin Conservation киттер мен дельфиндерді қорғау қайырымдылық ұйымының деректеріне сәйкес 1 қыркүйектен 1 наурызға дейін өткізілетін дельфин  аулау науқаны кезінде жыл сайын 17 мың дельфин өлтіріледі  екен.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
 
нравится:    1411
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Улжан2015-09-18 01:48:32
    Почему?