|    |  
20 қараша 2018
20:45
қаз
​Жапонияда Пикачу покемондарының шеруі өтті
08 тамыз, 09:24 576

Жапонияның Иокогама қаласында Пикачу покемондарының шеруі өтті. Шаһар көшелерімен танымал мультфильм әрі мобильдік қосымша кейіпкерінің костюмін киген 50-ден астам адам жүріп өткен. Бұл – Pokemon Go ойынының әлемдік нарықтағы жетістігін атап өту үшін жасалған шара. Өйткені соңғы уақытта бұл таңсық ойын жер-жаһан бойынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді. Мобильдік қосымша Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Жапония, Гонконг пен бірқатар Еуропа елдерінде ресми түрде іске қосылған. Қолданушылар саны бойынша бүгінде ол Twitter әлеуметтік желісі мен Tinder мобильдік қосымшасынан оқ бойы озық тұр. 

24.kz
Теги: Қоғам
Жаңалықтар