12 Декабрь
06:50
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
4 наурыз 10:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жапонияда робот-таксилер қызмет көрсетуде

Жапония көшелерінде робот-таксилер қызмет көрсетуге шықты. Олар Канагава префектурасындағы Фудзисава қаласында сынақтан өтіп жатыр.

Бұл тәжірибені іске асыру үшін тұрғындар смартфон қосымшасын пайдаланып, такси шақыра алады.Ол үшін жолаушылар баратын жерлерінің мекенжайын анық көрсетулері керек. Ал өздігінен жүретін такси діттеген жеріне кешікпей келеді екен.

Өйткені оларда жүретін бағыттарының қашықтығы есептелген. Құлтемірді құрастырушылар сынақ кезінде сақтық үшін жүргізушіні рөлге отырғызыпты. Бірақ көлік оның басқаруынсыз жұмыс істеген. Көлікте камера мен қадағалаушы құрылғы да бар.

Ал жолдағы қозғалыс бойынша ақпарат қашықтықтан бақылаушы навигатор арқыл  көлікке келіп түседі. Такси барлық мәліметті сараптап, өздігінен шешім қабылдайды. Робот-таксидің толық қызметі 4 жылдан кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Олар Токиода өтетін олимпиада ойындарында спортшылар мен туристерге қызмет көрсетпек.

Stan.kz
нравится:    642
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии