21 Август
04:53
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
17 шілде 10:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жапонияда роботтар қызмет көрсететін мейманхана ашылды
 

Жапонияның Сасебо қаласында ерекше қонақүй ашылды. Бұл мейманхананың қызметкерлері – кілең құлтемірлер. Табалдырықтан аттағаннан роботтар күтіп алып, барлық істі атқарады. Олар жапон және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Осы мейманхананы салған бизнесмен олардың санын әлем бойынша мыңнан асырамын деп құлшынып отыр. 

 

Бұл мейманхана ресми түрде «Ғажап қонақүй» деп аталады. Мұнда келген адам көп нәрсеге тәнті болары анық. Себебі бұл жерде қызметтің көбін роботтар атқарады. Таяуда ғана ашылған қонақүйге бас сұққан бетте күлімдеген көрікті андроид Шығыстың келіндеріне тән әдеппен сәлем салып, қарсы алады. Ал тіркеу бөліміндегі роботты көрікті деп айта алмайсыз. Ол кәдімгі динозавр кейпінде. Бірақ сөзі келісті, қызметі сыпайы. Адамның іші-бауырына кіреді. Ал шабаданыңызды арнайы орынға тапсырсаңыз болады немесе өзіңізбен бірге бөлмеге апаруды қаласаңыз, бұған да арнайы робот әзір тұрады. Жүгіңізді жерге тигізбей, бөлмеңізге жеткізіп береді. Юсуке Хара, қонақүйді жобалау тобының мүшесі, сәулетші: - Мұнда роботтың неше атасы бар. Оларды әр түрлі өнертапқыштар жасаған. Бұл жобаның да мақсаты осындай алуан құлтемірлердің басын бір жерге қосу болатын. Бірақ архитектуралық тұрғыдан алғанда бұл өте қиын тапсырма болды. Тағы бір ерекшелік, мұнда бөлменің кілтін жоғалтып алмайын деген алаң ойдан мүлде арыласыз. Себебі тұратын жеріңізге бет-бейнеңізді тану жүйесі арқылы кіресіз. 


 

Ал іште сізді қызғылт көйлек киген сүйкімді робот қарсы алады. Ол сырт көзге кішкентай көрінгенімен, атқарар қызметі зор. Бөлменің шамын жағып, тамақ мәзірін көрсетіп, тіпті таңғы ұйқыңыздан қоңыраулы сағат болып оятады. Өзі адаммен кәдімгідей сөйлеседі. Хидео Савада, Huis Ten Bosch компаниясының бас директоры: - Мені осы қонақүйді салуға итермелеген бірінші себеп әлемдегі ең тиімді мейманхананы жасау болды. Екінші себеп қазір жаңа технологиялар заманы екенін көрсеткім келді. Оның үстіне Токио, Осака, Нью-Йорк, Лондон сияқты ірі қалалардағы қонақүйлердің бағасы шарықтап тұр. Оларда шылқыған байлар ғана тұра алады. Ал мен бағасы төмен, бірақ жайлылық жағынан еш кем түспейтін қонақүй желісін жасауды қолға алдым. «Ғажап қонақүйлерде» тұру бағасы шынымен өте арзан. Бөлмелерді жалға алу бар болғаны 56 доллардан басталады. Ал өзге мейманханаларда баға бұдан 2-3 есе қымбат. Осы қонақүйді жоспарлаған Савада жақында Жапонияда тағы бір мейманхана ашпақ. Одан кейін кәсіпкер осындай айрықша қонақ үйлерді шетелде де салуды жоспарлап отыр.

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    757
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии