20 Август
21:28
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
31 желтоқсан 09:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жапонияда затты алыстан байқайтын қолғап жасалды (видео)
30-12-15-perchatka-1

Жапонияның Цукуба қаласындағы унрверситетте судың астындағы нысанды алыстан «сезінетін» гаптикалық қолғап ойлап табылды. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.

Мұндай қолғаптар, мысалы, қаланы су басып, көру мүмкіндігі нашарлаған кезде пайдалы болмақ.

Қолғап техникасы дельфиндерде кездесетін жаңғырық қағып алу қағидатына негізделген. Мұндай қолғап киген адам суға батқан нысанға жақындаған сайын саусақтарының ұштары арқылы сырттан болатын қысымды қаттырақ сезінеді. Себебі, аппарат барынша жеңіл әрі тым үлкен емес. Олармен нысандарды да оңай ұстай беруге болады.

Қолғапқа сонарлы сенсорлы MaxBotix MB7066, үш шағын мотор және Arduino Pro Mini орналастырылған. Бағдарламалық қондырғылар саусақтар ұштарына кигізілген үш силикон қапталға әсер етеді.



Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1033
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии