15 Декабрь
10:41
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
13 қыркүйек 14:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жапонияда жасы жүзден асқан 65 мың адам тұрады

 
Ұзақ жасаушылардың 88% әйелдер құрайды. Жапонияның Ұлттық денсаулық сақтау министрлігі елде жасы жүзден асқан 65 мың 692 адамның тұратынын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш Жапония тарихындағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Олардың 57 мыңы әйел адамдар болса, 8 мыңын ерлер құраған.
 
Ұзақ жасаушылар санын 100 мың адамға шаққанда Симанэ ауданы осымен төртінші жыл қатарынан көш бастаған (96,25).
 
Ең қарт әйел тұрғын Кагосима ауданында тұрады. Ол 1900 жылы дүниеге келген. Ал ең қарт ақсақал Токиода тұрады. Ол 112 жасқа толған.
 
Денсаулық сақтау министрлігі ұзақ жасаудың сырын медициналық қызмет сапасының артуымен және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануымен байланыстырады.
 
19-қыркүйекте Жапонияда қарттарды құрметтеу күні аталып өтеді. 100 жасқа толған әр жапондыққа күміс кубок пен мадақтама қағазы тапсырылады. Бұрын кубок таза күмістен жасалған. Кейін үміткерлер санының артуына байланысты күміс жалатылып жүр.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
нравится:    1024
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии