18 Август
01:05
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
4 сәуір 16:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жапонның мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады
Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенге қатысты айыптаулар айтқаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Денис Теннің инстарамдағы фан-клубы.



Сонымен қатар, федерация екі спортшының арасында соқтығысудың болмағанын мәлімдеп, айыптауларын алып тастады. Ал түсінбеушілік туғызғаны үшін Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады. Жапон БАҚ-тарының мәліметінше, спортшылар қол алысыпты. Ресми хат Қазақстанның конькишілер федерациясына жолданыпты.

Еске салайық, Сочи-2014 Олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю қазақстандық Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны орындау алдындағы жаттығу кезінде оны қасақана соғып өтті деп мәлімдеген еді. Ханюдың айтуынша, қазақстандықтың бұл әрекеті оны қатты уайымдауға мәжбүр еткен, сондықтан ол барлығын да басынан бастауға тура келген. "Мен бейнежазбаны қарадым және ол бұл әрекетті қасақана жасады деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Ханю. 

Дереккөзі: reactor.inform.kz
 
нравится:    847
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии