12 Декабрь
10:26
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
6 мамыр 14:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жарақатын жасырған Пакьяо жазалана ма?
​Жарақатын жасырған Пакьяо жазалана ма? 


Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық кіші Флойд Мейвезермен өткізген жекпе-жектің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы батыстық басылымдар хабарлауда.
«Ғасыр жекпе-жегіне» баланған кездесудің алдында Мэнни Пакьяо ресми құжатты толтыру барысында өз жарақатын жасырып қалған. Бұл Невада штаты спортшылар комитетінің заңына қайшы келеді-міс. Сондықтан да жарақатын жасырғаны үшін Мэнни Пакьяо төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек екен. Одан өзге 5 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бірақ, спортшының өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми түсінік берген жоқ.
Айта кетейік, 3 мамыр күні өткен Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекте америкалық боксшы төрешілер шешімі негізінде 118-110, 116-112, 116-112 ұпай айырмасымен жеңіске жеткен болатын. Ал Мэнни Пакьяоның жарақатпен шыққаны кейін белгілі болды. Филиппиндік боксшы жақын күндері иығына ота жасатпақ. Отадан кейін 9 айға жуық шаршы алаңға орала алмайтын болады.

Дереккөзі:massaget.kz
 
нравится:    646
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии