24 Сентябрь
05:37
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
8 шілде 09:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаралы тиін ем іздеп, дәрігерге өзі келді
Финляндияда адам сенгісіз оқиға болды. Сипоо қаласында жараланып қалған тиін жануарларды емдеу клиникасына өзі келіпті, деп жазады newsru.com.



Соңынан белгілі болғандай, туылғанына аса көп уақыт өтпеген тиін емдеу орнына жүгіріп кіріп, мұндағы майда жануарлар жөнінен маман-дәрігердің үстіне өрмелеп шығып, оған қансыраған тұмсығын тоса қойыпты.  Дәрігер жануарды қарап, жарасын емдеу шараларын жүргізген соң оған су, алма, кепкен нан беріп, «балақайды» тойдырған екен. Оның айтуынша, тиін ағаш басындағы ұяшығынан құлап, тұмсығын қанатқан. Жалпы ветеринарлар жұртқа жабайы аңдардың төлдері мен «балаларын» қозғамауға кеңес береді. Содан болса керек, өзіне өзі көмектеспесе, басқа ешкім қарамайтынын түсінген тиін медиктерге өзі келіпті.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    850
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии