18 Август
05:20
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Туризм
24 ақпан 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жарты миллионға жуық қытайлық турист Астанаға келеді


Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Chinese Friendly Kazakhstan брендінің Chinese Friendly International жаһандық халықаралық жобасына енді. Жоба аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткен кезде Астанаға 500 мыңға жуық қытайлық турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде халықаралық жоба әлемнің 40-қа жуық мемлекетін қамтып, Қытайдан туристтер тартуға бағытталып отыр. Бағдарламада туристік нысандарды қытайлық туристерге бейімдеу, сондай-ақ әрбір нысанның персоналдарын оқу курстарына жіберіп, Chinese Friendly Kazakhstan сертификатын беру қарастырылған. Сертификат қытайлық турист үшін сапа белгісі болып табылады.
«Бүгінгі таңда Астана қаласының туристік нысандарының 30%-ға жуығы бағдарлама тізіміне енгізілді, олардың басты мақсаты Қытайдан келген туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған», - деп атап өтті ҚР Туризм индустриясы ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жеңісбек.
Ерекше сапа белгісіне ие болғандар Chinese Friendly International ақпараттық порталында және оның қытайлық ресурсында жарияланады. Сонымен қатар, қазақстандық туристік ұсыныстарды дамытумен аталған бағдарламамен ынтымақтастық орнатқан қытайлық консалтингтік компания айналысатын болады

Дереккөзі: Қазақпарат

 
нравится:    681
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии