|    |  
16 желтоқсан 2019
17:31
қаз
Жарты омыртқамен туылған ит ғаламтор жұлдызына айналды (видео)
27 қазан 2015, 12:30 43
 

АҚШ-та Бонсай атты бульдог ғаламтор жұлдызына айналды. Жарты омыртқамен туылған ит өзінің өмір сүруге құштарлығының арқасында Инстаграм-ның  жұлдызына айналды, деп хабарлайды The Daily Telegraph сілтеме жасай отырып vesti.ru.

Бульдог сирек кездесетін сакральді агенезия ауруына шалдыққан. Артқы аяқтары өте кішкене және оның тіршілік әрекетіне еш жарамсыз болғандықтан,  өткен жазда кесіп алып тастауға тура келіпті.
 
Өмірге құштар иттің суреттері мен оның секірген бейнежазбаларын оны бағып-қағып жатқан жануарларға арналған арнайы мекеменің қызметкерлері ғаламторға жариялап жіберген. Бонсайдың танымал болып кеткені соншалық, қазір оның суреті бар футболкалар мен брелоктар шығарыла бастапты.
 


Жаңалықтар