24 Ноябрь
13:37
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Спорт
5 қазан 12:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жарыс жолынан шығып қалған спортшы велосипедін қақ бөліп тастады (ВИДЕО)

 
Миланда велосипедші Джереми Сантучи (Jeremy Santucci) жарыс жолында қапталға соғылып, велосипедімен ұшып түскен.  Жеңістен дәмелі болған ол жарыс жолынан осылай шығып қалғанына қатты күйінсе керек, көрермендердің көзінше көтеріп келген велосипедін жерге атып ұрып, қақ бөліп тастаған. Біреулер оның велосипедті «шашып» тастаған күшіне таң қалса, екінші біреулері велосипедтің апатқа ұшырағанда қаусап қалғанын айтуда.
Ашуын ұстай алмаған спортшының өзі: «Ақтық сынға шығу үшін жыл бойы дайындалып, пульс жиілігі 190-нан жоғары болып тұрған кезде жарыстан осылай шығып қалу өкінішті»-деп көрермендерден кешірім сұраған. Велосипед оның өзінікі емес, досынікі екен.

 
Дереккөз: www.huffingtonpost.com
 
нравится:    863
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии