|    |  
12 желтоқсан 2018
05:47
қаз
Жас ақынның жыр жинағы жарық көрді
20 қыркүйек, 16:54 24
Бүгін Алматыда жас ақынның жыр жинағы жарық көрді. Көпшілікке ақындығымен танымал Ұлмекен Лесбекованың алғашқы кітабының тұсауы кесілді. 



Тұсаукесер рәсіміне Қазыбек Иса, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев сынды еліміздің поэзия майталмандары қатысты. «Арман аралы» аталатын жинақта туған жер тақырыбы кеңінен қамтылған. Ақынның шығармашылығынан махаббат шумақтарын да кездестіруге болады. 

«Мен өзім жиі ғашық боламын. Ғашық болғаннан кейін оған міндетті түрде тұрмысқа шығуды мақсат тұтпаймын.  Алайда, сол толғанысты жазып қалуға тырысамын. Қалай жүрегің сөйлейді, солай дәптерге түседі»-дейді ол.  Кеш соңында кітап топтамалары қонақтарға тегін ұсынылды.

2017 жылы aikitap.kz сайтына жианықтың электронды нұсқасы енгізілген. Араға бір жыл салып баспадан шығып отыр. Ұлмекен Лесбекова – Түркістан облысының тумасы. 23 жастағы ақын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық университетін тәмамдаған.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар