13 Декабрь
13:07
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
23 мамыр 11:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы анықталды


Елордада еліміздің басты музыкалық байқауларының бірі «Жас қанат-2016» жас әншілер республикалық байқауының жеңімпазы анықталды.
Биыл жас орындаушылар байқауы 25-ші рет өткізілді. Бейбітшілік және келісім сарайында ерекше музыкалық атмосфера орнап, қонақтар назарына әдемі декорациялар ұсынылды.
Байқау 2001 жылдан бері Астанада ұйымдастырылуда. Шараның ашылу салтанатына алғаш болып отандық эстрада жұлдыздары - бұрынғы байқаулардың жеңімпаздары Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Доғалова, Маржан Арапбаева, сондай-ақ, конкурстың негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев келді.



Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Биыл «Жас қанатқа» 25 жыл болады. «Жас қанат» зор мүмкіндіктерге жол ашады - бұл болашақ жұлдыздар үшін мобильді, креативті, жеңіл алаң, аталған байқау тәуелсіздігіміздің құрдасы. Осы жылдар ішінде телекөрермендермен, ұйымдастырушылармен бірге «Жас қанат» дамып, өсіп келеді, - деді Ермек Аманшаев.



Биыл байқауда Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларынан келген 14 қатысушы бағын сынады. Үш орындаушы елорда намысын қорғады.
Конкурсқа қатысушылар ән айту шеберліктерін, хореографиялық дайындығын және әдемі костюмдерін көрсетті. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен бұрынғы «Жас қанат» жеңімпаздарынан құрылған қазылар алқасы орындаушыларды сүйсіне тыңдады.



Айта кетейік, жас орындаушылардың «Жас қанат» байқауы 22 мамырда аяқталып, қазылар алқасы жеңімпаздың есімін жария етті.




Астанада өткен ақтық сайыста алты қарсылас арасынан 349 ұпайпен семейлік өнерпаз Парасат Отан оқ бойы озып шықты. Құлақ құрышын қандырар дауысымен ерекшеленген жас жігіттің бағы жанып, бас бәйгені қанжығасына байлады.




Ал екінші орынды қарағандылық «Үш жүз» тобы еншілесе, үшінші орын Оралдан келген жас орындаушы Айбек Дәулетқалиевке бұйырды. Астаналық Жалғас Сұлтанов «Хабар» Агенттігінің арнайы сыйлығына ие болды.


1. Парасат Отан (Семей) – алтын қанат
2. "Үш жүз" триосы (Қарағанды) – күміс қанат 
3. Айбек Дәулетқалиев (Орал) – қола қанат 
4. Айзада Әлімбекова (Шымкент) – дипломант 
5. Жалғас Сұлтанов (Астана) – дипломант
6. Нұржан Оразов (Ақтөбе) – дипломант. 
 
нравится:    895
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии