20 Август
04:37
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
2 тамыз 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жас көрсететін шаш үлгілерінің 10 әдісі
Әйел адамның үйлесімділік образын толықтырып жас көрсетуге мүмкіндік беретін шаш үлгісі екені бәрімізге мәлім. Олай болса жас көрсететін шаш үлгілерінің бірнеше әдісін назарларыңызға ұсынамыз.
 
Шаш қию


Жас көрсетуде көмектесетін шаш үлгілеріне  көп қатпарлы шаш қию, тұтам шаш үлгілері мен басқыштап қиылған шаш үлгілерін жатқызуға болады.

Шаштың түсі
 

Ашық түстер жас көрсетететінін бәріміз білеміз.Мәселен, жылы түстер бетті нәзік әрі албырт етіп көрсетеді. Дегенмен,шаштың реңін дұрыс таңдай білу қажет. Шашты боярдың алдында терінің реңі мен көздің түсіне қарап бояу түсін таңдаған дұрыс.


Толықтай шаштың түсін өзгертуге жасқанған адамға бір тұтам шашын ақшылдатып көрсе болады.

Ұзындығы


Қысқа шаш жастық пен белсенділіктің белгісі болып саналады. Сондықтан жас ұлғайған сайын шаштың ұзындығын азайтқан дұрыс. Дегенмен, тым қысқа шаш адамның бет-әлпетіндегі жасына сай өзгерістерді айқындап тұратынын ұмытпаған дұрыс.


Шаштың көлемділігі


Жатқызылған шаш жас қосып көрсететіні белгілі. Сондықтан шаштың көлемді болуы дұрыс. Дегенмен көлем жағынан артық кетпей табиғилығын сақтаған жақсы.

Кекіл


Кекіл адам келбетін жасартып көрсетуімен қатар маңдай мен көз айналасындағы әжімдерді жасыруға көмектеседі. Дегенмен кекілдің де тым қалың болмағаны дұрыс, өйткені бет-әлпетті толық қылып көрсетуі мүмкін.

Айрық
 

Шаштың ортасынан жасалған тік айрық жас қосып адамның образын қатаң қылып көрсетеді.
Ал бастың бір жағына қарай таралған шаш бұрымы көзді айқындай түсіреді.


Күнделікті шаш сәндеу
 
 
Күнделікті шаш үлгісі міндетті түрді мына маңызды талаптарға сай болу керек: - қарапайымдылық; - сенімділік; - ерекшелік пен сән; - түзеуге мүмкіндік. Күнделікті шаш үлгісін бірнеше минутта-ақ жасай алуға болатындай, ол қарапайым болуы тиіс. Оның үстіне ол барынша әдемі әрі күні бойы берік ұсталып тұратындай болғаны дұрыс. 
 
Күнделікті шашты жинап алған жағдайда қасынан бірнеше бұрым шашты шығарып қойса болады.Ал жайып жіберген жағдайда шашты аздап бұйралап қоюға болады.


Кешке арналған шаш сәндеу

 
Жұқа шашқа  көлем беріп, әдемі бұйралауға болады – ол үшін бұйралау, шашты жатқызу мен тараудың барлық ережесін ұстану қажет. Қандай шаш үлгісін  қалайтыныңызға байланысты әртүрлі қысқаштарды, бигудилерді немесе фен мен домалақ щетканы пайдалана аласыз.

Мамандардың кеңесі
 
Кез келген шаш үлгісі әдемі көрінуі үшін оларды таза және құрғақ шашқа жасау керек. Сондықтан шашыңыз майланып тұрса, міндетті түрде жуыңыз. Шаш үлгісін қатырып қою үшін лак пайдаланған дұрыс. Ол шашты кірлетпейді және ұзақ қызмет етеді. Шаш үлгісін жасауға жағылатын құрылғыларды абайлап пайдаланған жөн. Гельді көбіне модельдеу үшін пайдаланса, муссты – шашқа көлем беру үшін қолданады. Бірақ егер құрылғыны шамадан тыс жағып қойсаңыз, қалаған нәтижеге қол жеткізе алмауыңыз мүмкін.

Дереккөз:  AdMe.ru
 
нравится:    448
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии