17 Август
14:03
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
28 шілде 11:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жас жеткіншектер "Ninety one" тобының клиптеріне "ауылдық" нұсқада пародия жасады (видео)


Жасөспірімдер Ninety one тобының “Айыптама”, “Қайтадан” атты бейнебаяндарына пародия жасады.

Ninety one тобына қатысты қоғамда біраз шу көтеріліп, түрлі пікірлер айтылғаны баршамызға белгілі. Атап айтсақ, жас жігіттердің киім және шаш үлгілері қатты сынға ұшыраған болатын. Қазіргі кезде аталған мәселеге қатысты шу бәсеңдеп, топ гастрөлдік сапармен елді аралап жүрген жайы бар.

Қоғамда көтерілген жайт өнерпаз жас жеткіншектерді де айналып өтпепті. Youtube каналында және Инстаграм желісінде әлі көпке танылып үлгермеген жас өнер иелерінің топтың “Қайтадан” және “Айыптама”  бейнебаяндарына түсірілген пародиясы жарияланып, көпшіліктің назарын аударып қана қоймай, көпшіліктің көзқарасын екіге жарды.
Қазнетте аталған пародия-клиптерге қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер пародияны ұнатса, енді біреулер жасөспірімдердің топ мүшелеріне тек еліктеп қана қоймай, өздерін осылайша масқаралап жүргендерін айтқан. Сондай-ақ, көпке дейін күлкісін тия алмай, жас өрендердің бұл қылығына тек жеңіл әзіл тұрғысынан қарайтындар да жоқ емес.

Назарларыңызға аталған пародия-клиптерді ұсынамыз. Бағасын беріп, пікірлеріңізді қалдыруды ұмытпаңыздар.


Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/












Дайындаған: Айдар Жанай
нравится:    783
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии