17 Октябрь
19:03
Астана: 13 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
29 тамыз 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жас жігіт телефонның соңынан дәретхана тесігіне түсіп кеткен

 
Норвегияда күлкілі жағдай орын алды. 20 жастағы Като Бернстен Ларсен жолдасының дәретхана тесігіне түсіп кеткен телефонын алу үшін соңынан өзі түсіп кеткен. Қоғамдық дәретхана кәріз жүйесіне қосылмаған. Унитаз астына қойылған нәжіс жиналатын бак бірнеше айда бір рет тазаланады екен.
 
Алды-артын ойламастан жолдасына көмектеспек болып тесікке қойып кеткен бозбала кіргенде оңай кіргенін, ал шығарда өзі кірген қуысқа сыймай қалғанын айтып отыр. Алаңғасар жігіт лас бакта бір сағат отырған.  «Бұл менің өмірімдегі ең жаман жағдай болды. Онда әлдебір жәндік жүрді. Мені шағып алған сияқты»-дейді өзі.
 
Құтқару операциясы кезінде дәретхана істен шыққан. Ларсенді ауруханаға жеткізген. Қолынан жарақат алған оған дәрігерлер инфекцияның алдын алу үшін антибиотик берген. Дәретхана тесігінде бір сағат отырған бозбала сол күйі телефонды таба алмаған.
 
Дереккөз: ВВС
нравится:    1625
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии