21 Август
19:51
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жас жігіт твиттерде көршісін өлтіретінін айтып, келесі күні атып тастаған
 
 
АҚШ-тың Аризона штатының 21 жастағы тұрғыны Закари Пентон (Zachary Penton) өзінің твиттердегі парақшасында «Маған көшу керек немесе өз көршілерімді асқан қатыгездікпен өлтіремін»-деп жазып, келесі күні көршісін атып тастаған.
 
21-тамыз күні кешкісін Закари Пентон Гилберт қаласының полициясына хабарласып, 41 жастағы көршісі Дэниел Гарофалоны  (Daniel Garofalo) атып тастағанын айтқан.
 
Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері ер адамның мәйіті мен қылмыскерді көрген. Пентон тұтқындалған. Істің мән-жайы тергелуде.
 


Адам өлтіру қылмысы туралы ақпарат тарағаннан кейін-ақ санаулы сағаттарда Пентонның жазбасы желіде желдей есіп, БАҚ назарын аударған.
Gizmodo порталы оқиға туралы жазған материалында «Көршіңіздің әлеуметтік желідегі аккаунтына жазылу сізге не үшін керек?» деп сұрақ қойып, «өлтіру үшін» деген жауап жазған.
 
Пентонның басқа жазбаларынан оның адам өлтіруі мүмкін-ау дейтіндей күдікті ештеңе байқалмаған.
 
Дереккөз: tjournal.ru.
нравится:    777
Теги: Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии