|    |  
13 желтоқсан 2018
06:42
қаз
Жасөспірім бильярд ойынында ерекше трюк жасап, әлем рекордын жаңартты
12 қазан, 16:32 68


АҚШ-тың Пенсильвания штатының тұрғыны Тео Михеллису бос уақытын ата-анасы сыйға тартқан бильярд үстелінде ойнаумен өткізген, деп хабарлайды 120.su.

Ол жай ғана ойын ойнамай, әртүрлі қызықты трюктер жасап үйренген. Оның ұзақ уақыт бойы жаттыққан трюктері міне енді өз жемісін бере бастады. Осылайша ол 14 жасында әлем рекордының иесі атанып отыр.

Трюктің ерекшелігі: бильярд шарын қарсы алдында орнатылған биіктігі 40,96 см кедергі үстінен өткізіп, үстел бұрышындағы торға түсіру керек болатын.





Тео бұл трюкті алғашқы мүмкіндігінде-ақ ешбір мүлтіксіз орындап шықты. Осылайша ол өзінің алдында рекорд иесі атанған әлемдік бильярд шебері Флориан Колердің жетістігін 6 см айырмашылықпен жаңартты.


 


Жаңалықтар