Кербез
14 наурыз 14:27
Жасөспірім қызыңызбен қалай жақсы қарым-қатынас орнатуға болады?
Кез келген жеткіншек Сіздің ерекше назарыңыз бен қолдауыңызды қажет етеді, мұны естен шығармаңыз!



Әр адам үшін баласының денсаулығы мен жақсы болып өсуі бәрінен маңызды. Жеткіншектерге қарағанда кішкентай балалардың жағдайын ойлау анағұрлым жеңілірек, өйткені жасы өсе келе бала жетіліп, тұлғаға айналады.

Өсіп келе жатқан бала барлығын өзі шешуге тырысады, жасы үлкеннің тілін көп жағдайда ала бермейді, ата-ананың шамадан тыс қамқорлығынан арылуға тырысады. Осыдан кейін де ата-ана мен жасөспірім арасында кикілжіңдер туындайды, бұл уақытша немесе әрдайым болатын түсінбестікке айналуы да мүмкін. Бұл баланың ата-анадан алшақтап, томаға тұйық және құпия сақтағыш болуын туғызады. Мұндай жағдаяттар біраз зардаптарын да тигізеді.

Сол себепті де баланың жасөспірімдік жасқа аяқ басып, сырт келбеті мен ішкі жан дүниесінің өзгерісі кезін жіберіп алмаған орынды. Тинейджер қамқорлық пен жылылықты сезініп, оны бұрыңғысынша жақсы көретінін және бағалайтынын білуі қажет. Әрине, барлық бала бірдей емес және әр бала жасөспірімдік шақты әр түрлі өткерері де анық.
 
Қызыңыз бой жете бастаған кезде

Қыздар мен ұлдар жасөспірімдік шақты әр түрлі бастан өткереді, сондықтан ата-аналар да әр түрлі проблемалалармен бетпе-бет келіп жатады. Әсіресе өз қызының әлпештеген кішкентай қыз емес, бой жеткенін түсінген аналарға да бұл оңай тимесі анық. Кеше ғана тізесіне оратылып, оны құшақтап жүрген кішкентай қызында бүгінде сондай нәзіктік пен іңкәрліктің азаюы қызық жәйт. Кез келген өтініш жылы қабылданбай, томаға тұйық болып, анасымен ашық сөйлесуден жалтақтай бастайды. Бұл жағдайда түсінбестік пен негативтен қалай сақтануға болады? Отбасында шынайы достық, жақсы атмосфераны сақтап қалу үшін жасөспірім қыздың бабын табу мүмкін бе?

Кез келген жайттың шешімі бар, сондықтан егер қызыңызбен араңыз онша болмаса, тіптен түңілуге болмайды. Ең алдымен сіз бұл уақыттың ұзаққа созылмайтынын, уақытша нәрсе екенін білгеніңіз дұрыс. Сізге тек қана шыдамды болып, эмоцияға ерік бермеу қажет. Тинейджердің ақылға қонымсыз тәртібі мен істеріне шынайы әрі шыдаммен қарау қажет. Алайда бұл сіз ештеңеге араласпауыңыз керек деген сөз емес, бала әр қылығы, ісі үшін үлкен жауапкершілікте екенін сезе білгені де жөн. Алайда қарым-қатынастағы айқай мен шу арқылы шешуге талпынған дүниелер – ана мен жасөспірім-қыздың арасындағы жақсы қарым-қатынас орнату әдісі емес. Жасөспірімді тәрбиелеу– үлкен ғылым, сондықтан кез келген қиындыққа дайын болыңыз.

Ана мен жасөспірім-қыз. Тәртіп 

Психологтар жасөспірім қызыңызбен қарым-қатынас орнатуда қиындықтардың алдын алу үшін келесі тәртіп ережелеріне бағынуды ұсынады:

Тыныштық пен теңдікті сақтаңыз. Аналар жасөспірім кезде көңіл-күйдің жылдам ауысатынын түсінуі керек. Қыз балалар бұл жаста өз эмоцияларын бақылауда ұстай алмайды, нәтижесінде тым ашуланшақ және өткір келеді, бірдеңе айтып қалуы немесе бүлдіруі де ықтимал. Алаңдамаңыз, бұл барлық тинейджерлерге тән қарапайым құбылыс. Сіздің міндетіңіз, қандай жағдай болмасын, эмоцияға ерік бермей, анасы ретінде ересек адамның өзін-өзі ұстауын жақсы көрсетіп, үлгі бола білуіңіз керек. Қызыңыз қандай мінез танытса да, ол сізді жақсы көреді және бұрыңғыдай қамқорлық пен нәзіктікті қалайды. Бала неғұрлым қарсы келіп, қасарысса, соғұрлым оған сіздің көңіліңіз бен жылығыңыз жетіспей тұр деп ұғыңыз.

Өз қызыңызды түсінуге тырысыңыз. Қыз баланың бой түзеуі – өзімен-өзі дербес дамығысы келгендігі. Қызыңызға үлкен өмірдің негізгі қырларын ұғындырып көріңіз. Бұл кезеңде тинейджер көбіне көп өзінің тұлғалық кеңістігін үлкейткісі келеді, дос-құрдастарының арасында уақытын өткізгісі келеді. Балаға өмірлік тәжірибе жинақтап, шешім қабылдап өз қылығы үшін жауапкершілікті сезіне білуге мүмкіндік беріңіз. Сіз қызыңызға бағалы кеңес бере аласыз, алайда шешім қабылдауды өзіне қалдырыңыз. Өз ойыңызды тану, болмаса қатаң бақылауға алу жақсылық әкелмейді, сондықтан қателіктерге бой алдырмаңыз, зардаптары күрделі болуы ықтимал.

Өз балаңызды қадағалап отырыңыз. Қыз бала жыныстық жетілу кезінде көптеген сауалдармен бетпе-бет келеді. Дәл сіз жаңа ақпарат жеткізуші болып табылыңыз, өйткені әр ата-ана өз баласына мұндай тақырыптағы сауалдардың жауабын қалай жеткізу керектігін біледі. Бұл әсіресе қыз бала алдағы уақытта кездестіретін физиологиялық процестермен тікелей байланысты. Анасы қызына, қыз баланың денесі әйел адамның денесіне айналғандағы нақты өзгерістерді баяндауы тиіс. Мүмкін қыз бала анасынан мұндай тақырыпты сұрауға қысылатын болар, дегенмен бұл ақпарат оған өте қажетті.

Қызыңыздың салқындығын, қастығын көрсеңіз де, оны кері итермеңіз. Әрдайым балаңыздың қасынан табылып, іңкәрлік пен қамқорлық танытыңыз, құшақтаңыз, сүйіңіз, оның проблемаларына өте ұқыпты болыңыз, өйткені дәл қазіргі сәтте ол осындай қамқорлыққа зәру.Осындай  қиын кезеңді бірге күш сала отырып өткерсеңіз, әрі қарай қызыңызбен қарым-қатынасыңыз тіптен жақсы болатындығын түсініңіз. Кез келген жасөспірім сіздің қамқорлығыңызды, назарыңызды қажет етеді, мұны ұмытпаңыз.

Дереккөз: http://www.vospitaj.com

Комментарии




Яндекс.Метрика