21 Октябрь
09:19
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
18 шілде 12:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жасөспірімдер әлеуметтік желіде қалай алданып жүр? (ВИДЕО)


Құрметті ата-ана, балаңыз бақылауда ма? Қаншалықты қадағалап жүрсіз? Сенген балаңыз өзіңізді алдап жүрген жоқ па? Байқап көріңіз...
Шымкент қаласында қала әкімдігі мен KazAlliance қоғамдық бірлестігі әлеуметтік эксперимент жүргізген. Ұйымдастырушылар жасөспірім ұл-қыздармен әлеуметтік желілерде танысып, сеніміне кіріп, түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, кездесуге шақырады. Жасөспірімдер экран сыртында сөйлесіп отырған бейтаныс жанды көп күттірмей-ақ, берісі  екі апта, әрісі бір айда кездесуге келуге дайын. Бейнеролик көрген жанды бей-жай қалдырмайды. Әсіресе бұл бейнероликті ата-аналардың көргені абзал. Себебі әлеуметтік желі атаулы бүгінгі күннің бас ауруына айналғаны қашан? Осы әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдер тұрмақ, ересектердің өзі қылмыс пен зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып кетіп жатқан жоқ па?
Экспериментті жүргізушілер шара соңында ата-аналарды балаларын бақылауда ұстауға шақырады. Көрген жанды «шоршытып» түсіретін бұл бейнероликті бір көрген артық. Ендеше назарларыңызға ұсынамыз
 

 
нравится:    1667
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии