Әлем жаңалықтары
8 сәуір 12:02
Жасөспірімдер оқушы қызды жәбірлеп, аяқ киімдерін жалап тазартуға мәжбүрлеген


Әлеуметтік желі пайдаланушылары бір топ жасөспірімнің мектеп оқушысын жәбірлеген видеоны қызу талқылауда. 

Ресейдің Вольск қаласында мектеп оқушысын жәбірлеген оқиға бейнеленген видео «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланды. Бір топ жасөспірім 6 сәуірде оқушы қызды технологиялық колледж маңайында ұстап алып, жабылып жәбірлеген.

Оқиға қызғаныштан туындаған. Қызға жәбір көрсетушілердің бірі оны тамағынан қысып ұстап тұрып оның жігітіне неге хабарлама жазғанын, неге араласып тұруға шақырғанын түсіндіруін талап етеді. Топтың ортасына түсіп, қорқып қалған жәбірленуші қыз тек достық қарым-қатынаста ғана болуды қалағанын айтып түсіндіреді. Алайда оның бұлай ақталуы қатыгер жәбірлеушілерді қанағаттандырмайды.



Нәтижесінде жасөспірімдер қызды тізерлеп отырып аяқ киімдерін тілімен жалап тазартуға мәжбүрлеген. Онысымен қоймай еңкейіп тұрған қызды аузынан, бетінен тепкен.

Видеодан оқиғаға қатысқан және куә болған жасөспірімдердің неше түрлі былапыт сөздермен қызды қорлағанын естуге болады. Олар қыздың аяқ киімді жөндеп жаламай жатқанын байқап, екі қолын арқасына қайырып ұстап тұруын талап еткен.

Оқиға ортасына таман қатыгез жасөспірімдердің бірі телефонға түсіріп тұрғандарға қарап: «Мен бұнын әлеуметтік желілерде тарап кеткенін қаламаймын, сосын бізді менттер сүйрейтін болады», деп, оқиғаны түсірмеуді ескертеді. Телефонға түсіріп тұрған бозбала жазбаны өшіріп тастауға уәде бергенімен, видео Желіде тарап кеткен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, полиция қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, оқиғаға қатысқан тұлғалардың барлығы анықталып, олармен кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі бөлімнің мамандары айналысуда. Оқиғаны тексеруге өңірлік прокуратура да кіріскен.




Дереккөзі: НТВ
 

Комментарии




Яндекс.Метрика