23 Октябрь
12:04
Астана: 0 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Кербез
27 қазан 14:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жастықты қалай дұрыс таңдау қажет?

 
Адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Себебі адамның денсаулығы, сергектігі, көңіл-күйі дәл осы ұйқыға байланысты. Ал жастық жақсы я жайсыз ұйықтауға сеп. Сонымен жастық таңдағанда назар аударатын дүниелер:
 
 Өлшемі мен формасы

 
Әдетте жастықтың биіктігі 5-9 см. Бұл әдетте шалқалап жатуға есептелген.  Ал бір қырымен ұйықтайтындардың бұдан биік және қатты жастықты таңдауына болады. Ал екпетінен жататындарға жұқа әрі жұмсақ жастық ыңғайлы.
 


 Эргономикалық жастықтар (мойын астында білікше болса, желке тұсы жұмсақ келеді) әлдеқандай жарақат алып гипс салдырған адамдарға я болмаса шашын сәндеп, шаш үлгісін салып ұйықтайтын қыз-келіншектерге қолайлы.
 
Ортопедиялық жастықтар тірек-қимыл аппаратында ақауы бар адамдарға арналған. Ортопедиялық жастықтардың өлшемі мен формасы әр адамға жеке-жеке таңдалады. Қатаң ескерер дүние, екі иық жастықта жатпайды. Иық жастықтан төмен жатуы тиіс.
 
 
Толтырғыштар


 
Ерекше тазалықты қажет ететін көптеген табиғи және синтетикалық толтырғыштар бар.  Ең дұрысы синтетикалық материалдар. Олар ауа өткізеді, формасын көпке дейін сақтайды. Және 45 градус температурада кір машинамен жууға болады.
 
Дереккөз: Аргументы и Факты
нравится:    831
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии