|    |  
21 наурыз 2019
18:54
қаз
​Жастықты ұзартатын бес өнім анықталды
05 желтоқсан 2018, 12:13 4

Дәрігерлердің түрлі зерттеулері өмірді ұзарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын дәлелдеді.
Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, сарапшылар жастықты ұзартатын бес өнімді атай алды.

Бірінші орынды банан иеленді. Бұл өнімдердің құрамында калий көп, сол себепті де оларды тұтыну адамның жүрегіне жақсы әсер етеді. Банандар миды оттегімен қамтамасыз етеді. Ғалымдардың анықтауы бойынша, адамның ойлау жүйесі неғұрлым жақсы жұмыс істесе, оның өмірі де соғұрлым ұзағырақ болады екен.

Екінші орынды жаңғақтар еншіледі. Олардың құрамында пайдалы май қышқылдары бар және ағзаға жақсы әсер етеді. Жаңғақтар қан тамырларды қатайтады, ағзаны ақуызбен және дәрумендермен қамтамасыз етеді, сондықтан да оларды көбіне көп спортшылар тұтынады.

Тізімдегі үшінші орынды балық құрады. Олардың құрамында Омега-3 бар. Бұл қышқылдар теріге оң әсер етеді және сыртқы келбетке және жүрекке де жақсы. Скумбрия, ақсерке, сардина және басқа да балықтарды жиі тұтыну қартайғанда жадының жоғалуынан сақтайды.

Төртінші орынды сарапшылар жемістерге берді. Олар ағзаны түрлі инфекциялардан сақтайды. Қарақат, итмұрын, таңқурай және өзге де жеміс-жидектер адамдарды түрлі қабынулардан сақтап, ұзақ жасауға жол ашады.

Бесінші орынды онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектесетін қырыққабат иеленді.

Дәрігерлердің айтуынша, дәл осы өнімдерге ғана тұтынып, өмірді ұзартамын деген пікір қате. Бұл жерде кешенді түрде азық-түлікті тұтынған абзал. Десе де, күнделікті тамақтануда өз рационыңыздан ет, майлы тағамды шектеп, жемістер мен көкөністерді көбірек пайдаланған дұрыс. Дәл осы ұстаным арқылы ұзақ өмір сүру мүмкіндігі жоғары.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар