|    |  
25 наурыз 2019
14:58
қаз
Жасұлан Қыдырбаев спорттан сегіз жылға шеттетілді
27 маусым 2016, 16:09 1


Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер - Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын.
Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті.
Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді. 
 
 


Жаңалықтар