19 Август
22:36
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
31 тамыз 16:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жасы 40-тан асқанда табысқа жеткен 7 кәсіпкер


Көпшілігі 30 жастан бастап өмірлерін сынға алып, мақтан тұтарлық ештеңе істеп үлгермегендеріне өкініш білдіреді. Санада «уақыт өтіп кетті» деген тынымсыз ой ғана тұрады. Бірақ бұлай болмауы тиіс. Назарларыңызға жас ерекшелігінің еш маңызы жоқ екенін дәлелдеп, 40-тан кейін де бас айналдырарлық табысқа жеткен жандардың тізімін ұсынамыз. 

Рэй Крок, McDonald’s негізін қалаушы

Крок танымал кәсіпкер болған, бірақ кәсіпорындарының көпшілігі құрдымға кетіп отырды. 1954 жылы «Макдональдс» лицензиясын сатып алу үшін 15 мың қолма-қол ақша қажет болғанда бірде-бір банк оған кредит беруге келіспейді. Үйі мен сақтандыруын кепілге қойып, қажетті ақшасын табады. «1954 жылы жасым 52-де болды. Менің диабетім мен артитім бар еді. Өт қабымды және қалқанша безінің үлкен бөлігін алып тастаған. Бірақ мен болашаққа сендім», — деп жазады ол «McDonald’s: империя қалай құрылды?» атты кітабында. Осыдан кейін ол әлі 30 жыл өмір сүріп, 600 млн доллар тапты.


Генри Форд, Ford Motor Company-дың негізін қалаушы 

Ирландиядан келген эмигранттардың отбасында дүниеге келген, жас кезінде үйінен қашып кетіп, Детройтта жұмыс істейді.  36 жасқа дейін Генри Форд Эдисон компаниясында инженер-механик ретінде жұмыс істеген. Бірінші автомобилін 30 жасында құрастырып, тек 10 жыл өткеннен кейін жеке компаниясын ашады. 1908 жылы Генри Форд 45-ке толған кезінде әйгілі  FordT үлгісі шығарылды, осыдан кейін компания да қомақты табыстарға жете бастайды. Бұл туралы ол өзінің «Менің өмірім. Менің табыстарым» атты кітабында жазған.


Мэри Кэй Эш, Mary Kay-дың негізін қалаушы 

Мэри Кэй 25 жыл бойы сауда агенті ретінде жұмыс істеген, бірақ қызметтік карьерасында өсе қоймайды. 45 жасында жұмыстан кетіп, бизнес пен әйелдер туралы кітап жазбақ болады. Шығармашылығы барысында кітабы оның идеалды компаниясының бизнес-жоспарына айналып, теріге күтім жасайтын тауарлар сатпақ болып шешеді. 1963 жылы Мэри Кэй күйеуімен бірге алғашқы капиталы 5000 доллар да болатын Mary Kay Cosmetics компаниясының негізін қалайды. «Мен әрбір әйелге мүмкіндік беретін компания құрғым келді. Отбасын құрып, бала тәрбиелеп отырған әрбір әйел өз карьерасын басқара алуы қажет», — дейді ол компаниясы туралы.

Майкл Блумберг, Нью-Йорктың экс-мэрі, Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы 

39 жасында болашақ миллиардер Майкл Блумберг көшеде қалады. «Бұның барлығы менің өмірімде болып жатқанына сену қиын еді. 39 жасымда «Сен боссың» дегенді естідім. Соңғы 15 жыл бойы өмірімнің мәніне айналған жұмыстан айырылдым» деп жазады ол «Блумберг Bloomberg туралы» атты кітабында. Жұмысынан босағаннан кейін ертесіне ол жаңа компания құру бойынша жоспарын жаза бастайды. Бизнесмен саясатта да табысқа жетіп, бар болғаны 1 долларға әлемдегі ең ірі қаланың басшысы ретінде жұмыс істеген.

Джордж Сорос, әлемдегі ең табысты инвестор 

1960 жылдары Соросқа 40-қа жақындап қалғанда, жұмыс істеп жүрген Arnhold & S. Bleichroeder компаниясында жоғары лауазымға қол жеткізу үшін қожайындарын 2 офшорлық қор құруға көндіреді. Басшылықты да өз қолына алады. Осы уақытта өзінің жекеменшік қорын құру туралы идея келеді. Алғашында Soros Fund Management деп аталған құрылым кейінірек Quantum Fund деген атауға ие болады, бірде-бір рет шығынға ұшырамайды. 1971 жылы қордағы актив құны 12,5 млн долларды, ал бір жылдан кейін 20 млн долларды құрайды. Ол кезде Соростың жасы 41 де болды.


Амансио Ортега, Zara До дүкендер желісінің иесі 

Отбасындағы кедейлікке байланысты Амансио орта мектепті де аяқтап үлгермейді, 13 жасынан бастап жейделер дүкенінде жұмыс істеуге мәжбүр болады. 37 жасқа толғанда өз фабрикасын ашады. Алғашында ол әйелі Росалиомен бірге өз үйінің қонақ бөлмесінде әйелдердің іш киімдерін, түнгі көйлектер және халаттар тігетін. Бірде клиент ірі партияға берген тапсырысын қайтарып алады. Бизнесін құтқару үшін ерлі-зайыпты өз бетінше киім сатуға тырысады. Осылайша 1975 жылы Амансио 40-қа толғанда Zorba дүкені пайда болады. Ал 2012 жылы Bloomberg Ортеганы Еуропадағы ең бай адам деп таниды. Оның холдингі әлемге танымал болған Zara, Massimo Dutti, Bershka, Oysho, Pull & Bear, Zara Home, Stradivarius атты брендтерге ие.


Сэм Уолтон,  Wal-Mart-тың негізін қалаушы

Ньюпорттағы Сэм Уолтонның қарапайы дүкені 5 жылға дейін еш дағдарысқа ұшырамаған еді. Бірақ аяқ астынан ғимарат иесі жалға беру келісім-шартын ұзартудан бас тартады. Сэм қатты қиналады. 44 жасында бәрін қайта басынан бастауға тура келеді. Ньюпорттан кетіп, әйелі, балаларымен бірге қарапайым ғана Бентонвиль атты қалаға қоныстанып, «Five & Ten Cents» атты дүкеннің негізін қалайды. Осылайша Америкадағы және әлемдегі өз-өзіне қызмет ететін алғашқы супермаркет идеясы пайда болады. Бұл идея арқасында Сэм ең бай адамдардың қатарынан да табылды.


Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    1326
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии