22 Август
22:51
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
6 мамыр 11:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жасыл алма мен қызыл алма айырмашылығы

Алмалардың түсіне, дәміне, салмағына байланысты неше түрлі сорты кездеседі. Ашық сары түстен күрең қызыл түске дейін, қатты қышқылдан тым тәттіге дейін, 10 грамнан 400 грамға дейін көлеміне қарай неше түрлісі кездесе береді.

Жасыл алманың құрамындағы калория өте төмен: 100 грамм жасыл алмада 35 килокалория бар. Жасыл алманы диета күтімімен жүргенде жейді, оның құрамында аллергия тудыратын элемент болмайды. Сонымен қатар дәрігерлер сәбилерге жемістерден ең бірінші осы жасыл алманы беруді ұсынады.

Жасыл алманың құрамында қант мөлшері аз, сол үшін қант диабетімен ауратын науқастарға алманың жасыл түрін ұсынады, ал қызыл түрінен алшақ болған дұрыс дейді. Оған қоса, жасыл алма майлы асты тез қорытады.

Қызыл алманың құрамындағы темір мен дәрумен жасыл алмаға қарағанда аз. Бір қызығы қызыл алма тіске зиян.

Қызыл алманың құрамындағы калория жасыл алмадан сәл жоғары. 100 грамм қызыл алмада 45-50 килокалория бар. Оның жұмсақ, қатты әрі тәтті сорттары кездеседі. Олардан тәтті джем, тосап, жеміс салатын жасауға болады. 

 
нравится:    1313
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии