17 Август
19:33
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
15 маусым 14:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жасыл зәйтүн мен қара зәйтүннің айырмашылығы неде

Зәйтүнді  көптеген тағамдарда пайдаланатын адамдар  жасыл зәйтүн мен қара зәйтүннің айырмашылығы неде деп өздеріне сұрақтар қоятыны белгілі.

Олардың бір-бірінен айырмашылығы сондай үлкен емес. Екеуі де бір зәйтүн ағашында өседі.

Олардың айырмашылығы пісу деңгейіне байланысты. Бір ағашта жасыл да қара да жемістердің өсіп турғанын байқауға болады.

Ал түсінен басқа қандай айырмашылықтары бар?
 
Дәмі: қара зәйтүн жасыл зәйтүнге қарағанда шырынды және дәмі қанық.

Жасыл зәйтүннің құрамында май аз болғандықтан қара зәйтүнге қарағанда қаттылау болып келеді.
 
Құрамы жағынан екеуі  де пайдалы заттарға тең дәрежеде ие, дегенмен пісу уақытына қарай құрамындағы химимялық заттардың айырмашылығы бар.

Жасыл зәйтүндер термиялық өңдеуге қара зәйтүнге қарағанда көбірек түседі.
 

Қайсысы дәмдірек және пайдалы

Қара зәйтүннің дәмі жасылдан өзгеше. Көп адамдардың ойынша қара зәйтүннің жемістері жағымды және тілге жұмсақ.
 
Ал жасыл зәйтүн иісі жағынан өткірлеу және қатқыл болып келеді.
 
Пайдасына келетін болсақ екеуі де адам ағзасына тигізер пайдасы зор, өйткені көптеген минералдар мен дәрумендер екеуінің де құрамында шеткілікті мөлшерде.

Тек бір айырмашылығына назар аудару қажет. Қара зәйтүн құрамында майлар мөлшері көп болғандықтан олардың калорийлары да көп болып келеді.

Жалпы айтқанда қара немесе жасыл зәйтүннің адам ағзасына әкелер пайдасы өте зор. Өйткені екеуінің де құрамындағы органикалық қышқылдар, жасұнық, ақуыз, кальций, темір , магний мен калийдің деңгейі өте жоғары.
 

Қара және жасыл зәйтүннің зияны

Пайдасымен қатар зәйтүннің зиянды әсері де бар екенін ұмытпау керек.
 
Біріншіден,консервіленген жемістерді дайындау барысында технологиялық ақаулар жол алса адамды асақазан - ішек, жүйке ауруларына шалдықтыруы мүмкін.
Сонымен қатар, холецистит сияқты аурулары бар адамдарға да байқап пайдалану көрсетілген.
 
http://notefood.ru/pitanie/obshhie-voprosy/chem-otlichayutsya-olivki-ot-maslin.html

 
нравится:    116
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии