22 Октябрь
06:41
Астана: -2 °C
Алматы: 7 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
6 қыркүйек 11:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жат ағымның жетегінде кеткен жастарға ой салар қойылым


«Менің есімім Гүлнұр. Әке-шешем, жолдасым, кішкентай қызым бар. Тәрбиелі отбасынанмын. Оқыған, тоқыған, көзі ашық адаммын. Бірақ… жат ағымның жетегінде қалай кетіп қалғанымды өзім де білмей қалдым. Азғырып жүріп күйеуімді де адастырдым. Бір жыл күйеуім екеуміз сол радикалды топтың құрамында жүрдік, үйден кетіп қалдық. Бір жылдан кейін үйге келіп, қызыма никаб кигізіп, ата-анамыздың жылағанына қарамай, Сирияға аттандық. Бізге ең дұрыс жол сол сияқты болып көрінді. Сирияда жүрген кезде осы ауыр жайттың барлығы жүрегіне салмақ болып түсіп, әкем қайтыс болды. Күйеуім өзін өзі жарып жіберді. Жат ағымдағылар кішкентай қызымды зорлап, оны да өлтіріп тынды. Ең соңында осының барлығының дұрыс емес екенін түсінген соң, жат ағымның құрсауынан әрең босап, үйге келдім. Кеудемде жаным болғаны не керек, құр сүлдерімді сүйретіп, тірі өлік болып келдім. Шешемді де шаршатқан екенмін. Осылайша, менің адасқанымның салдарынан бір отбасының шаңырағы ортасына түсті…»

Бұл Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актрисасы Жанна Өтегеннің кейіпкері Гүлнұрдың басынан кешкен оқиғасы. Гүлнұр  — Жабал Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» драмасының басты кейіпкері. Актриса Жанна Өтеген сол кейіпкерді сахнаға алып шығады. Қойылымның басты тақырыбы — бүгінгі қоғамның ең бір дертті тақырыбы: жастардың жат ағымның жетегінде кетуі, адасуы, ақырында отбасының ойраны шығып, адасқанның соңы өлімге алып келуі…



— Бұл кейіпкерді сомдау маған өте ауыр болды. Жаным ауырып, өзімді қоярға жер таппаймын. Дайындықтан кейін 2-3 сағатқа дейін өз өзіме келе алмай қиналамын. Осындай жат ағымның жетегінде кеткен талай жастың ата-анасын, балаларын ойлаймын, Алланың дұрыс жолы осы екен деп адасып, Сирияға кетуді ойлайтын жастардың тағдырына алаңдаймын. Мұндай жайтты ешкімнің, ешбір отбасының басына бермесін. Осы қойылым арқылы көрерменге, жастарға ой салсақ, ол біздің үлкен олжамыз болар еді. Халқымыз жат қылықтан аулақ болса екен, — дейді Жанна Өтеген.

Нұрлан Жұманиязов, режиссер:
- Қоғам болып, орта болып, оның дұрыс еместігіне көз жеткізуіміз керек. Мақсатым бар. Бұл спектакль де өзінің бір миссиясын орындап, түбі бір қойылмайтын дәрежеге жетсе екен деймін. Біздің көзқарасымыз ел екіге ажырамай, басқа-басқа әрбір қилы санаға кетпей, бір атадан келе жатқан Ислам дінін дұрыс ұғып, дұрыс түсінсек деймін. 

Қойылымның авторы Жабал Ерғалиев, режиссері Нұрлан Жұманиязов.
Бұған дейін бұл қойылым Астана және Қарағанды театрларында қойылған. Ақтөбеде 3 қыркүйекте бірінші рет қойылды.





Дереккөзі: БАҚ материалдары
нравится:    829
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии