26 Май
18:17
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
30 сәуір 14:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жатын бөлме интерьерінде қандай түсті қолданған жөн?

Түстер – интерьердегі бастысы

Жатын бөлме интерьерінде қандай түсті қолданған жөн? Әрине, мұнда ешқандай шектеу жоқ. Әркімнің өз қалауы, сүйікті түсі бар. Десе де, жатын бөлме үшін қандай түстер мен олардың реңктері ұтымды шешім болатынын мамандар кеңесіне сүйене теріп жаздық.

Көкшіл түс
Жұмсақ көкшіл мен суық көктің үйлесімі көптеген жандарға тыныштық сыйлап, ұйқы алдында біраз босаңсуға мүмкіндік береді екен. Көгілдір реңкті қабырғаларға құм түстес қоңырқай, сарғыш еден (немесе төсеме) жараса кетпек. Жатын бөлмені көкшіл түспен жабдықтағыңыз келсе, интерьерге теңіздің қандай да бір элементтерін енгізуді ұмытпаңыз: көк ала көрпе-жастық, тоқыма, ескілікті еске салатын винтажды стиль. Қабырғаларды қайық суреттерімен көркемдеңіз. Ал фурнитура мен өзге де ұсақ-түйекте жезді қолданыңыз. Жез көгілдір түспен әдемі үйлесім табады.
Десе де, жатын бөлме үйдің солтүстік бөлігінде болса, суық көк түсті пайдаланудың қажеті жоқ. Мұндайда жылы-жұмсақ түстерге көбірек көңіл бөліңіз. Негізі, жатын бөлме үшін басқа түстерден гөрі көгілдір түс ең тиімдісі. Ол түс адамға тек психологиялық оң әсерін тигізіп қана қоймай, қан қысымын реттеп, жүрек жұмысын да жақсартады екен.

Сары мен жасылдың реңктері
Бұл түстер үйге табиғаттың бір бөлігіп сыйлап, өң кіргізеді. Сары мен жасылдың реңктерін жатын бөлменің интерьеріне енгізіңіз: табиғаттың суреттері, жамылғы немесе өсімдік стилінде өрнектелген жасыл түсті перде жасыл түсқағазбен келісе кетеді. Құстар, гүлдер мен жапырақтар бейнеленген ірі өрнектер әркез интерьердің көркін кіргізіп тұрады. Сары реңкті қабырғаларды жасыл түсті перде, кілем, төсек жамылғыларымен сәйкестіре біліңіз. Сондай-ақ табиғи стильді толықтыру үшін бөлме гүлдерін де қолданыңыз.
Жасыл мен сары түстер жүйке жүйесін тыныштандырып, көңілді көтереді.

Бөртегүл түстес (сиреневый)
Сұр, көмескі, көңілсіз түстерге жан бітіруге болады. Ол үшін бөртегүл түстес реңктерді қолданып көріңіз. Көзге түспейтін, көмескі тартқан еденге бөртегүл түстес төсеме салыңыз немесе сұрғыш келген қабырғаға күлгін түстің реңктері бар сурет іліңіз. Бөлме жарқырап шыға келеді. Сонымен қатар интерьерді этникалық элементтермен толықтырыңыз: теріден жасалған бұйымдарды, түрлі мүсіндерді қолданыңыз.

Қызыл түс
Бұл – ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесіне таптырмас түстің бірі. Қызылдың қошқыл қызыл сияқты жылы реңктері кез келген жастағы жұбайларға жайлылық сыйламақ. Қызыл түсті бөлме интерьерінде қолдану кез келгенімізден батылдықты талап етеді. Ал егер де сіз осы түспен жатын бөлмеңізді жабдықтаған болсаңыз, еш өкінбеңіз. Бұл түс ерлі-зайыптыларға құштарлық сыйлап, бақыт әкелетін көрінеді.

Ақшыл түстер
Жатын бөлмеңіз кішірек болса, интерьерде ашық түстерді қолданыңыз. Бұл түстер бөлмені кеңейтіп көрсетеді. Сондай-ақ жанға жайбарақаттық сыйлап, тыныштандырады. Егер де «Ашық түстер тым қарапайым, ішпыстырарлық» десеңіз, онда бірер жерге ерекше көңіл күй сыйлар қанық түстердің реңктерін қосыңыз. Оларды интерьерде қолданатын элементтермен беріңіз.

Дереккөзі:tirshilik-tynysy.kz
нравится:    119
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии