17 Октябрь
19:13
Астана: 13 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
27 маусым 11:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаз мезгілінің денсаулыққа пайдасы мен қандай қаупі бар?

Жаз – демалыс үшін тамаша кезең. Бір минутты бос өткізбей, таза ауада көбірек болуға, қыдыруға талпыну керек. Алайда, күнге күйіп, суға шомылып, орманда серуендеп жүріп, осы мезгілге тән қауіп-қатерлер жайлы да ұмытпаған жөн.

Күннің қандай пайдасы бар?

Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттектер иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процесстерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.

Қызық дерек: Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігіне. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.

D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.

Есте сақтайтын жайт: Күн ваннасын сағат 11-ге дейін немесе сағат 16-дан кейін қабылдаған жөн. Қалған аралықта көлеңкеде отыру керек.


Таза ауа денсаулыққа барынша пайдалы болуы үшін не істеу керек?

Жаз – денсаулықты қолға алатын тамаша кезең. Ауа-райы – жайма-шуақ, күн – ұзақ, яғни үйде отырудың жөні жоқ.

Көбірек жаяу жүріңіз. Егер мүмкіндік болса, бір-екі аялдама ерте түсіп қалып, жаяу жүріңіз. Аяғыңызды шапшаң басып, тереңірек демалыңыз. Осылай 10 минут жүрсеңіз қуат-күшіңіз арта түседі. Найзағай күркірінен кейін немесе жаңбыр себелеп тұрғанда серуендеу өте пайдалы. Мұндай күндері ауа тазарақ болады.

Велосипед тебіңіз. Таза ауада қимыл-қозғалыс жасау оттегінің кіруін жақсартады. Велосипед тебу аяқ бұлшық еттерін қатайтады.

Жүгіріп тұрыңыз. Жүгіру тыныс алу жүйесі мен қан айналым жұмысын реттейді, жүрек қан-тамырларын қатайтады, стресстің алдын алады.

Жалаң аяқ жүріңіз. Шөптің үстінде, құмда, таста жалаң аяқ жүру – нүктелі массаж болып есептеледі. Табандағы нүктелерді ынталандыру өмірге қажетті энергияны оятады.

Шомылыңыз, суда жүріңіз. Таза ауада су процедуралары ағзаны шымыр етеді, қан айналымын жақсартады. Жүзумен қатар суда жүруді немесе су ойындарын ойнасаңыз болады. Бұл, әсіресе, жүзе алмайтындарға жақсы балама. Су суық болса да, аяғыңызды салып отырыңыз. Осылайша иммунитетіңізді жақсартасыз.

Шөбі шүйгін саябаққа, орманға кез келген жерге барыңыз. Орман ауасы тыныс алуды реттейтін, қан құрамындағы гемоглобинді көтеретін, иммунитетті нығайтатын, ми жұмысын жақсартатын заттектермен қаныққан.



Мол дәрумендер – мол күш-қуат

Жаз бізді балғын жеміс-жидектерімен, көкөністерімен қуантады. Оларды тағамға қолдану арқылы күш-қуатымызды арттырып, ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға және дәрумен жетіспеушілігін толықтыруға болады.

Сәбіз — бұл жастық, сұлулық пен ұзақ ғұмыр сүрудің сыры. Ол ағзада А дәруменіне айналатын каротинге бай болуымен пайдалы. Сәбіз бен одан жасалған салаттарды өсімдік майымен араластырсаңыз, сәбіз құрамындағы каротин жақсы сіңірілетін болады.

Шалғам дәрумендер мен минералды заттардың қайнар көзі. Оның құрамында С, В1, В2, В5, РР, калий, кальций, натрий, магний, фосфор және темір сынды дәрумендер бар. Бар жағынан пайдалы бұл көкөніс иммунитетті көтеріп, қан құрамындағы гемоглобинді көтереді.

Қырыққабат С дәруменіне бай. Оны шикідей жеңіз немесе буға пісіріңіз, сонда ол құндылығын жоғалтпайды.

Құлпынай суық тиюге қарсы және микробқа қарсы әрекет ете алатын қасиетке ие. Оның құрамында С, РР, В2, Р дәрумендері бар, ал микроэлементтерден – темір, кальций, фосфор мен магнийге бай.

Бүлдірген аскорбин қышқылының қайнар көзі ретінде құнды. Жаңа піскен жидекті жесеңіз жұмыс істеу қабілетіңіз артып, төзімді бола түсесіз және жүрек жұмысын жақсартады. Шөлді баса алатын қасиетке ие.

Мүкжидек инфекциялармен күресуге көмектеседі және олардың қуық қалбыршағында түзілуінің алдын алады.

Қара жемісті шетен қан қысымын реттейді және қандағы холестерин мөлшерін азайтады.

Күнге күйіп қалудан қалай қорғану керек?

Шыжыған күн астында ұзақ уақыт жүру – күнге күйіп қалу қаупіне ұшыратады. Күнге қаншалықты күйгеніңіз денедегі сырт белгілерге байланысты білінеді: кішкене қызарудан бастап, ауырсыну, терінің ісінуі, күлдіреу пайда болып, дене қызуының көтерілуіне дейін.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін күнге шыққанда мынаны есте сақтау қажет:

- күн астында 11.00-16.00 арасында ұзақ жүру қауіптірек. Бұл кезеңде күн аса қатты түседі.

- судан шыққан соң теріні орамалмен сүрту қажет;

- әрдайым бас киім киіп жүріңіз, жиегі кең, күнқағары бар болса тіпті жақсы;

- ағза күн астында ылғалды тез жоғалтады, тері тез құрғайды, сондықтан көбірек су ішу керек;

- арнайы күн косметикасы күннен күйіп қалу қаупін азайтады.

Қызық жайт: күн сәулесі көбіне ақторы адамдарға көбірек теріс әсер етеді және олар күнге күйіп қалуға көбірек бейім. Ал қара торы және қара нәсілді адамдарға бұл аса қауіпті емес.

Егер тері күйіп қалған болса, онда:

- күн астында жүруді доғару;

- теріге салқын су құю немесе салқын компресс жасау;

- су ішу;

- «Пантенол» жағылған таңғыш жасау;

- ауырсынуды басатын дәрі ішуге болады (мысалы, аспирин).

Есте сақтау керек: күлдіреу пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге барыңыз. Күйген жерді спирт немесе маймен сылауға болмайды!


Бастан, денеден күн өту деген не?

Ыстық күндері денеден, бастан ыстық өтіп, нәтижесінде дәрігерден бір-ақ шығу қаупі бар.

Қызық жайт: ыстық өту тек жаздың ыстық күндері ғана орын алмайды, ыстық бөлмеде ұзақ отырып та денеден ыстық өтуі мүмкін.

Денеден ыстық өткеннің мынадай белгілері бар:

- ыстықтап тұрғандай белгі

- тері бетінің қызаруы

- шөл басу

- бас ауруы, бастың айналуы

- дене қызуының көтерілуі

- жүрек айну, құсу

- қатты асқынған жағдайда тыныс алудың қиындауы, есінен тану.

Күн өтіп кетудің алдын алу үшін күн ыстықта табиғи материалдардан тігілген киім кию, бас киім кию, жиірек көлеңкенің астында демалу, суды көп ішу, көп тамақ жемеу, суға жиі түсу сияқты ережелерді ұстану қажет.

Жедел жәрдем:

- көлеңкеде немесе салқын жерде отыру;

- қысып тұратын киімді шешу немесе босату;

- басыңа суық компресс қою;

- денені суық сумен сүртіп немесе ылғал матамен орау;

- суық су ішу;

- ыстықты түсіретін дәрі ішуге болады (Аспирин)

Есте сақтайтын жайт: жоғары температура мен ауаның ылғалдылығы, қалың синтетикалық киіммен физикалық жұмыс, зорығу, ағзаға су жетіспеу, тойып тамақ жеу, шыжыған ыстықта ұзақ жүру, ішімдік ішу – мұның бәрі ыстық өту қаупін арттырады.

Неге көбіне жаз мезгілінде ас қорыту қиындайды?

Жазғы кезде ішке-қарын жұмысы неге жиі бұзылатынына бірнеше себепті атап өтуге болады:

- жылдың жылы мегілдерінде тағам өнімдерінде ішек жолдарының бұзылуына ықпал ететін микроағзалардың өсіп-өркендеуіне жағымды орта қалыптасады;

- жазда дүкен сөрелерінде көптеген жаңа өнімдер пайда болады, оларды жеп көру де тамақтану қателігіне, диеталық салмақ түсу, тағам өнімдерінің үйлесімсіздігіне әкелуі мүмкін;

- рационға жаңа өнімдерді қосу аллергиялық реакция тудырып, ал бұл ас қорытудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Есте сақтайтын жайт: судың ауысуы мен күнделікті тамақтану режимінің ауысуы, рациондағы жаңа өнімдер, тазалық ережелерін сақтамау – мұның бәрі асқазан мен ішек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бір реттік ішу өту мен ауырсынудың басқа белгілері болмаған жағдайда дабыл қағу әлі ерте.

Жүрек айну, құсу, жиі іш өту, дене температурасының көтерілуі, теріде бөртпе пайда болуы сырқатқа шалдығудың белгісі болуы мүмкін, сондықтан дәрігерге көрінген жөн.

Мынадай жағдайларда дәрігерге міндетті түрде көрініңіз:

- зәр түсі өзгерді (қызыл немесе қара қан кетудің белгісі, ақ немесе түссіз бүйрек ауруының белгісі)

- жоғары температура – ауыр инфекцияның белгісі

- ауырсыну, құсу, іштің кебуі – ішек инфекциясы, ішектің қорытпауы немесе соқырішек белгісі болуы мүмкін.

bilim-all.kz
нравится:    923
Теги: Қоғам, Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии