18 Декабрь
03:21
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
31 қазан 11:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жазира Байырбекова өзінің әндерін орындап жүргендерге ренішін жеткізді

 
Әнші Жазира Байырбекова өзінің дауысымен халықты алдап жүргендерге ренішін жеткізді. Өзінің instagram-дағы парақшасында: «Әндердің көбісі маған дап-дайын болып келе салмайды. "Қыз бақыты" әнін әуесқой сазгер Ербол Байырбековке тапсырыспен жаздырып, ұнамаған жерлерін өзім өңдеп, сөзін жаздыру үшін Айнұр Тұрсынбаеваға апарып, қыз ұзатылғанда айтылатын сөздер керек екенін түсіндіріп (Айнұр қаламақы алмай қойды), одан кейін өңдеушіге апарып, өңдеттім. Әніне, өңдеуіне кеткен қаржыны қоспағанда, ойланып, толғанып, түн ұйқымды бөліп дайындаған әнімді қазір талай қыз-келіншек орындап жүр. Менің аранжировкамды пайдаланып, өз дауыстарымен орындап жүргендерге еш қарсы емеспін. Ал енді менің дауысыммен xалықты алдап жүргендердің саны тіптен көбейіп барады. Құрметті ИНСТА достар! Мен бұған көз жұмып жүре берейін бе әлде?.. Қалай ойлайсыздар?»-деп жазған.
 


Осы жазбасына желі қолданушылары толассыз пікір жазған. Содан кейін әнші екінші суретін салып алғашқы райынан қайтқанын білдірді. «Осының алдында салған постта менің  дауысыммен аузын жыбырлатып жүрген қызға әбден ұрысыпсыздар. Мен ол қызды өзім аяп кеттім. Бірақ сіздердің пікірлеріңізді оқып ондайлар енді азаяды деген сенімдемін. Кішкентай күнімізде біреу ренжітсе мамама немесе папама айтып берем деп бұртиатын едік қой. Сол сияқты инста достарыма айтып берем деген ескерту болсын. Сотқа бермей-ақ, ол қыздарға сіздердің ұрысқандарыңыз жеткілікті деп ойлаймын»-деп жазған. 
нравится:    1097
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии