|    |  
12 желтоқсан 2019
05:58
қаз
Жедел жәрдем қызметкері өлейін деп жатқан бойжеткенді мазақ қылған
15 мамыр 2018, 17:47 40
Страсбургте (Франция) 22 жаста,ы Наоми Мусенга жедел жәрдемге қоңырау шалып, ішінің қатты ауырып тұрғанын айтқан. Бірақ жедел жәрдем операторы бойжеткені мазақ қылып, бригада жібермей қойған.


 
Қазір полиция тексеріп жатқан жазбадан бойжеткеннің «Мен ауырып тұрмын, өлейін деп жатырмын» деген шағымын естуге болады. Ал жедел жәрдем қызметкері оған «Әрине, басқалар сияқты сен де өлесің» деп күлген. Соңында ол басқа дәрігерді шақыруға кеңес беріп, телефон тұтқасын қоя салған. Бойжеткен басқа медициналық қызметке жүгінген. Дәрігерлер оған бес сағаттан кейін келген. Наоми ауруханаға жеткізілгенімен жүрек талмасынан көз жұмған.



Қазір жедел жәрдем қызметкері жұмысынан шеттетілген. Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: https://life.ru


Жаңалықтар