23 Сентябрь
06:13
Астана: 3 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
11 шілде 10:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Желі арқылы танысқан жігіт бірінші кездесуде қыздың телефонын ұрлап кетті


Қарағандылық жігіт  ғаламтор арқылы танысқан қызбен бірінші кездесуінде оның телефонын ұрлап кеткен.  28 жастағы Марат Аханов желіде арқылы Гүлмира Садықовамен танысып, екі баласы болса да  өзін бойдақ әрі кәсіпкер деп сендірген. Негізінде, ол  фермерлік шаруа қожалығында қара жұмыс істейтін болып шықты.
Кездесуге келісіп, тамақтану орнына барған екеуінің әңгімелері жараса бастаған кезде «кәсіпкер» жігіттің шұғыл шаруалары шығып қалады. «Телефонымда бірлік бітіп қалды» деп ол қыздың ұялы телефонын сұрап алған. Сөйлесіп тұрып «Қазір әріптесім көлікпен келеді. Мен оны сырттан күтіп алайын» деген сылтаумен шығып кетеді.
Қыз жігітті  үстел басында жалғыз отырып екі сағатқа жуық уақыт күтеді. Ақыр соңында алданғанын сезген ол тапсырыс берген тамақтардың ақысын төлеп, полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні 43 мың теңгенің телефонын сатып жібірмек болып тұрған жерінен ұстаған.
 
Дереккөз: Stan.kz
нравится:    1241
Теги: Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии