17 Август
19:28
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
25 тамыз 17:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Желіде Санжар Мәдиев түскен "Қорғаушылар" фильмінің трейлері пайда болды


Желіде Ресей режиссері Сарик Андреасянның Посткеңестік елдердің суперқаһармандары туралы түсірген "Қорғаушылар" фильмінің трейлері пайда болды. Ал суперқаһарман Ханның рөлінде қазақстандық актер Санжар Мәдиев ойнайды.



Фантастикалық боевиктің түсірілімі 2015 жылдың сәуір айында басталып, премьерасы 2016 жылға жоспарланған болатын. 

"Қорғаушылар" сұрапыл соғыс кезінде КСРО-да құрылған ұйым туралы баяндайды. "Патриот" құпия ұйымы Одақ құрамындағы ұлттардың арасынан суперқаһармандар жасағын құрады. Әр кейіпкердің бойында өз халқына тән қасиеттер болады.



Атап айтқанда, бұл туындыда Азия халықтарының өкілі, суық қаруды жетік меңгерген, түрлі шығыс жекпе-жек түрлерін білетін кейіпкер - Ханды Санжар Мәдиев сомдайды.

Ал Арсус - аюға айнала алатын кейіпкерді Қазақстанда дүниеге келген, қазір Ресейде еңбек етіп жүрген актер Антон Пампушный ойнайды. Лер - Кавказ халықтарының өкілі, ол тау-тасты бағындыра алады. Оны қазір Францияда жұмыс істеп жүрген актер Себастьян Сисак сомдайды. Су ішінде өзін еркін сезіне алатын қыз Ксенияның рөлінде - Алина Кизиярова.





Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    780
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии