Мәдениет
17 ақпан 17:00
Желіде Вера Глаголеваға арналған әсерлі видео жарияланды


Осыдан жарты жыл бұрын өмірден өткен ресейлік актриса Вера Глаголеваның қызы Анна Нахапетова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында анасына арналған өте әсерлі видеоны жариялады.

Видеоға ол: «Жоқ, уақыт емдемейді. Ол тек ауырсынумен өмір сүруді жалғастыруға үйретеді және осы ауырсыну біздің бір бөлшегімізге айналады... Жарты жыл», – деген жазба қалдырған.
 
Желі пайдаланушылары актрисаның қызы мен туыстарына көңіл айтып, бекем болуға шақыруда. Сонымен қатар, олар Вера Глаголеваның өте шебер актриса екендігін айтып, өз пікірлерін қалдыруда.
 


Естеріңізге сала кетейік, Вера Глаголева 2017 жылғы 16 тамызда онкологиялық ауру салдарынан Германиядағы клиникалардың бірінде қайтыс болды.
 
Глаголева өзінің шығармашылық жолында 50 шақты фильмге түскен ("Не стреляйте в белых лебедей", "Торпедоносцы", "Выйти замуж за капитана", "Воскресный папа", "Сошедшие с небес", "Женщин обижать не рекомендуется" және т.б.). Сонымен қатар ол режиссер ретінде 6 фильм түсіріп, сценарий жазған әрі продюсер болған.
 
Дереккөзі: http://www.segodnya.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика