Әлем жаңалықтары
15 сәуір 13:03
Жеміс-жидек сататын дүкендегі көкөніс пен жеміс атаулары жұртты күлдірді


Шымкент тұрғыны Светлана Краснова желіде жергілікті жеміс-жидек сатататын дүкенде түсірген суреттерді жариялады. Жемістер мен көкөністерге қызықты атаулар берген сатушылар жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Желіде жарияланған суреттерде шымкенттік «маркетинг шеберлері» жемістер мен көкөністерге қызықты атаулар берген. Мұнда «Қарда жатқан алма», «Махаббат алмасы», «Сары қызғалдақтар», «Алма ағашынан алма» тәрізді атаулар жазылған алмаларды көруге болады.



Сонымен қатар «Нашар адам» аталатын шалғам, «Бауырсақ» аталатын орамжапырақ, «Фанта» апельсинін және «Боксерлік» алмұрттарды сатып алуға болады.



Тіпті, көк шөп те “Жасыл дос”, “Лучок пучок” атауымен сатылып жатыр.

Комментарии




Яндекс.Метрика