12 Декабрь
12:32
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
24 сәуір 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жеңіл атлетші Ольга Рыпакова туралы 10 дерек
Жеңіл атлетика маусымы ашылар алдында Лондон-2012 олимпиада чемпионын сөзге тарттық.

— Мен бастапқы кезде жеті сайыспен айналыстым. Уақыт өте келе бұл спорт түрімен айналысу, әсіресе,  найза лақтыру, ядро лақтыру маған көптеген қиыншылықтар туғызды.  Кейін мен өзімнің таңдауымды ұзындыққа секіруге ауыстырдым, бір жылдан кейін  үш қарғып секірумен айналыса бастадым. Мүмкін табиғатым  оған жақын шығар, маған  қарғып секіру техникасын жылдам меңгердім. Бұл жерде ұзындыққа секірумен салыстырғанда, жылдамдықты қатты арттыру маңызды емес, мен дұрыс техниканың арқасында, бар жылдамдығымды сақтай аламын.
 
 

— Менің әкем – менің жаттықтырушым. Жаттығулар кезінде біз жаттықтырушы, спортшы ретінде жұмыс жасаймыз, бұл қарым-қатынас үйде де жалғасын тауып жатады. Бұл бір жағынан жаман, ал екінші жағынан жақсы. Үнемі бақылауда боламын, әкем маған босаңсуға мүмкіндік бермейді, ешқашанда өзімнің спортшы екенімді ұмытқан емеспін. Ол менің тамақтануыма, жаттығуыма және күнделікті режимдерімді қадағалайды. Әрине, жаттығу процестері барысында келіспеушіліктер болады, бірақ барлығы жақсы шешіліп жатады.



— Мен ЦСКА спорттық клубының өкілімін. Алайда, мен өзімді әскери қызметкер деп айта алмаймын, өйткені күн сайын әскерге бармаймын ғой. Бірақ мен өзімнің санамда мен әскери міндеттерді атқаруым керек дегенді үнемі санамда ұстаймын, сонда ғана маған ерекше талаптар қойылады. Бірақ үлкен спортта жүргендіктен, маған босаңсуға мүлдем болмайды.


— Мен Лондандағы Олимпиадалық ойындардан кейін сән фотосессияларына қатыстым. Модель ретінде жұмыс жасау  маған ұнады, бірақ онымен түбегейлі айналысқым келмейді, ол менің табиғатыма тым жақын емес. Одан кейін мұндай ұсыныстар түскен жоқ, егер ұсыныстар түскен күннің өзінде де мен оны қабылдамауға мәжбүрмін. Өйткені мұндай қызметтер жаттығу процестерінен назарыңды аударады. Ал жалпы күнделікті өмірде мен барынша ыңғайлы киім кигенді ұнатамын. Салтанатты шараларды, әрине, жақсы киінуге, әдемі болып көрінуге тырысамын.


— Мен тек жақсы белгілерге ғана сенемін. Жақсы ойласаң, жақсы істер болады. Мен дінге, православ дініне сенемін, крест бегісін және Әулие Мария бейнесіндегі бойтұмарды тастамай тағып жүремін.


— Үнемі пайдалы тағамдарды тұтынамын. Нені қалаймын соның барлығын жей беремін, ең басты тағам денсаулыққа пайдалы болса болды. Ет, балық, тауық, көкеністер, жеміс-жидектер, макарон өнімдері, әрине тәттілерді де қалауымша жеймін. Өзімді газдалған сусындарды ішуден шектеймін. Алькооль өнімдерін мүлде тұтынбаймын десем де болады. Бірінші балама аяғым ауыр кезде артық салмақ қосқан жоқпын, ал екінші сәбиімді көтерген кезде, менде керсінше жағдай орын алды. Ұлымды емшек сүтімен бір жасқа дейін тамақтандырдым және өзімнің формама жылдам келу туралы мақсаттар қоймадым. Барлығы уақыт өте өз орнына келді, артық салмақтан арылу үшін ешқандай күш салған жоқпын. Үш қарғып секіруде артық салмақ болса, ол қатты білініп тұрады, спорттық жетістіктерде де қатты көрінеді. Бірақ мен табиғатымнан арықпын.


— Менің жолдасым  қазірі кезде ол менің жаттықтырушым, екеуміз стадионда алғаш кездестік.
Мен Алматыға Өскеменнен жарысқа барған кезде,  біздің ортақ таныстарымыз таныстырды. Ол мен іздеген адам еді. Осы кездесуден кейін біздің қарым-қатынастар отбасын құруға жалғасты.


— Менің қызым Настя осы жылы төртінші сыныпты аяқтайды, ол жеңіл атлетикамен айналысады. Жақын уақыттан бері спортпен терең шұғылдана бастады. Қазірдің өзінде жетістіктерімен бізді қуантып отыр. Ең бастысы, оның дені сау, белсенді бала болып өскендігі. Ұлыма бір жас, тоғыз ай болды. Ол бізбен бірге жаттығуға барады, ойнайды, жүгіреді. Кирилл күйеуіме көбірек ұқсайды. Мен әуелден тұрмысқа шыққан кезде жолдасымның тегін аламын деп айтатынмын. Мен оны дұрыс деп санаймын, өйткені бір отбасы-бір текте болуы жөн.
 

— Жолдасымның туған күні  болғанда мен оған кішігірім сыйлық жасадым.  Біз қаланың сыртына шықтық, ол менің қандай сыйлық жасайтындығым туралы білген жоқ. Бізде кішкентай ұшақпен ұшуға мүмкіндігіміз болды, әрине, нұсқаушының көмегімен жүргіздік. Ол өте таң қалды және мұндай сыйлықты бақыт деп қабылдады. Көп жағымды әсерлерге ие болды.


—Осы маусымдағы менің басты нысанам – әлем чемпионаты.  Ол Бейжің қаласында тамыз айында өтетін болады. Сонымен бірге «Гауһар лиганың» кейбір кезеңдеріне қатысамын. Сонымен біре  2016 жылы Ри́о-де-Жане́йро өтетін олимпиадалық ойындарға да дайындық жүргізу қажет. Осы маусым олимпиада алдындағы маусым болып есептелгендіктер, лиценциялық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізу қажет. Мен өзімнің физикалық формамды орташа деп бағалаймын. Дайындық барысы  жоспар бойынша жүріп жатыр.
 
нравится:    2172
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии